Азаттық қазанның 4-і күні саясаткер Уәлихан Қайсармен онлайн-конференция өткізді.
Уәлихан Қайсар 1965 жылы 7 қазанда кенші отбасында дүниеге келді. Еңбек жолын көмір өндірісінде жұмысшы ретінде бастаған.
Ол Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Кэмбридждің (Ұлыбритания) Евроорталық мектебін, Қазақстанның менеджмент, экономика және болжау институтын бітірген.
2005 жылы парламент сенатының депутаты болып отырған Уәлихан Қайсар президент сайлауына қатысуға өтініш берді. Алайда орталық сайлау комиссиясы «тиісті қол жинай алмады» деген себеппен оның кандидатурасын тіркемеді.
Қазақстанда 2011 жылы сәуірде өткен президент сайлауына да өзін-өзі ұсынып, қазақ тілі емтиханынан өтпей қалды.
Уәлихан Қайсар оппозициялық «Азат» ЖСДП және «Әділет» партияларының құрамында болды. Парламент сайлауларына қатысты.
Қазір Қазақстанның туризм және спорт федерациясының, «Кенесары хан» қоғамдық қорының президенті.