Онлайн-конференция Қазақстандағы зиялы қауым қаншалықты еркін, олардың белсенділігі қандай, бүгінгі қоғам зиялы қауымды қалай, қандай тұрғыда түсінеді және әдебиет пен өнер қайраткерлері қаншалықты тәуелсіз деген тақырыпта өрбіді.
Махамбет, Абай,Шәкерім және Мағжан өлеңдерін орыс тіліне аударған билинвист Әуезхан Қодар әртүрлі жергілікті және халықаралық мәдени, зерттеу бағдарламаларына белсене қатысқан. Әр жылдары зерттеу ұйымдарында ғылыми қызметкер, редактор қызметтерін атқарған. Мәдени саясат және өнертану институтын басқарған Әуезхан Қодар - қазір "Алтын ғасыр" мәдениеттану қауымдастығының президенті, "Тамыр" журналының шығарушысы және бас редакторы.
Онлайн-конференция қонағы Әуезхан Қодардың сұрақтарға жауап берген видеосын төменнен көре аласыздар.