«Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңына енгізілген түзетулерге сәйкес, 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мөлшері 30 пайызға ұлғайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің есебі бойынша, 2011 жылы зейнетақының ең төменгі мөлшері – 24 047 теңге, орташа мөлшері – 35 950 теңге және ең жоғарғы мөлшері 52 226 теңге болды.
Қазақстанда 1 миллион 600 мың зейнеткер бар. Шамамен, оның 500 мыңы – ең төменгі мөлшердегі зейнетақы, 90 мыңы – ең жоғарғы зейнетақы алады.
Үкіметтің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы «2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қорғаудың Мемлекеттік қорынан берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін көтеру туралы» қаулысына сәйкес, еңбек қабілетін жоғалтқан және асыраушысынан айырылған азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері автоматты түрде 7 пайызға ұлғаюы керек.
Біздің оқырмандарымызға уақыт бөліп, олардың сауалдарына сайтымыз арқылы жеке өзі жауап бергені үшін Азаттық радиосының редакциясы министр Гүлшара Әбдіхалықова ханымға ризашылық білдіреді.