Accessibility links

Светлана Жалмағамбетовамен онлайн-конференция


Қазақстан парламенті сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова.
Қазақстан парламенті сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова.

Азаттық 6 қарашада парламент сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетовамен онлайн-конференция өткізді.

Қазақстан парламенті сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова елдің 2014-2016 жылдарға арналған бюджетін талқылаған отырыста "адам санына қарай қаржы бөлу солтүстік облыстарға қиын тиеді" деп мәлімдеді.

Ақмола облысынан сайланған депутат солтүстік аймақтарда халық саны азайып, шағын ауылдардағы мектеп, дәрігерлік пункт, пошталар жабылып жатқанын ескертті. Светлана Жалмағамбетова тұрғындардың инфрақұрылымы бар Астана қаласы маңына ғана жиналатын, одан әрідегі мектебі, ауруханасы мен поштасы жоқ ауылдарда ешкімнің тұрғысы келмейтінін айтты.

"Не солтүстік аймақтағы ауылдарды түгел жауып тастайық, не оңтүстіктен тұрғындарды көшіріп әкелейік, не солтүстікке әлдебір коэффициент қосайық" деді Светлана Жалмағамбетова.

Депутаттың "халықты оңтүстіктен солтүстікке көшіру туралы" пікірі ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде қызу талқыланған тақырыптардың бірі болды.

Қазақстан парламенті сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова 6 қараша күні Азаттық оқырмандарының сауалдарына жауап берді.
XS
SM
MD
LG