Accessibility links

Ресеймен әріптестік келісімі ратификациялауды күтіп тұр


Қазақстан мен Ресей шекарасы. (Көрнекі сурет)
Қазақстан мен Ресей шекарасы. (Көрнекі сурет)

Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршілік пен одақтастық шартын ратификациялау жайлы заң жобасы Қазақстан парламентіне түсті. Депутаттар Жириновский мен Ресейдің ойын «бөлек қарау» керегін де айтады.

Парламенттің төменгі палатасының депутаттары қыркүйектің 3-і күні «Қазақстан мен Ресей арасындағы 21-ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық шартын ратификациялау жайлы» заң жобасын қабылдап алды. Жоспарға қарағанда, парламент заң жобасы жайлы қорытындысын таяу айларда шығарады.

Депутаттар Қазақстан мен Ресей азаматтарының бір-бірінің аумағында жүру тәртібі жайлы заң жобасының ратификацияланған жобасын да қарастырмақ.

Коммунистік халық партиясының депутаты Владислав Косаревтің сөзінше, тату көршілік пен одақтастық шарты Қазақстанда заңдық күшке ие болуы үшін оны ратификациялау керек. Депутаттың сөзінше, құжаттың маңыздылығы «өзара көмек, талғамаушылық, экономикадағы өзара көмек, шекараны бірлесе қорғауда».

– Бұл шамамен Ресей, Қазақстан және Беларусь басшылары осында үш ай бұрын, мамырда қол қойған Еуразия экономикалық одағы шарты құжатының бастауы. Ол мәңгілік достық жайлы келісімге ұласады, – дейді Владислав Косарев.

Владислав Косарев "Хабар" телеарнасы эфирінде. Алматы, 12 қаңтар 2012 жыл.
Владислав Косарев "Хабар" телеарнасы эфирінде. Алматы, 12 қаңтар 2012 жыл.

Оның пікірінше, ресейлік кейбір саясаткерлердің «дос емес пиғылдағы» сөздері көрші екі елді қарым-қатынасына еш әсер етпеуі керек.

Парламенттің жаңа сессиясының екінші күні де Ресей мемлекеттік думасының вице-спикері, тамыздың соңында «Қазақстанда бұрын мемлекеттілік болмағаны» жайлы айтқан Владимир Жириновский сөз болды. Депутат Косаревтің айтуынша, жеке біреудің тұлғасы жайлы сөз болса, «ол – бүкіл Ресейдің саясаты емес, үкіметінің мәлімдемесі емес, мемлекеттік думаның шешімі емес – бос сөз».

– Әрбір бос сөзге мемлекеттің жігерін жұмсауға болмайды. Біз ол (Жириновскийді) жайлы саясаткер ретінде айта аламыз, бірақ оны мемлекеттің ішкі немесе сыртқы саясатына арта алмаймыз, – дейді Владислав Косарев.

«Ақ жол» партиясы депутаты Азат Перуашев заң жобасының «Ресеймен арадағы алғашқы келісім емесін, онда бәлендей маңызды ештеңе жоғын» айтады – шартта ұзақ мерзімді мемлекеттік саясат сөз болған. Ол да ресейлік кейбір жекелеген саясаткерлердің сөздері құжатты қарастыруда әсер етпейтінін айтады.

Азат Перуашев. Астана, 27 қаңтар 2012 жыл.
Азат Перуашев. Астана, 27 қаңтар 2012 жыл.

– Жириновский деген Ресей емес екенін түсіну керек. Жириновскийдің сөзі Қазақстаннан гөрі Ресейге көбірек кесірін тигізеді. Өйткені Ресей Қазақстанмен дос болуға мейлінше мүдделі. Әсіресе Қазақстан Ресеймен қазіргідей қалыпты достық қарым-қатынас жасап отырған кезде мүдделі, – дейді депутат Азат Перуашев.

Оның пікірінше, Қазақстанның мемлекеттілігі жайлы шу шығарған тағы бір сөз – Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстан аумағында «ешқашан мемлекет болмаған» деген сөзі – жаңылысу болса керек.

– Оны әдейі айтты деп ойламаймын, – деді Азат Перуашев Азаттық тілшісіне.

Ресей мемлекеттік думасының вице-спикері Владимир Жириновский Қазақстан мемлекеттілігі жайлы пікірін тамыздың 27-сі күні «Эхо Москвы» радиостанциясына берген сұқбатында айтқан. Кейін оның баспасөз хатшысы журналистердің ол сөзді контекстен бөліп алғанын мәлімдеген.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG