Павлодар облысындағы Жасыбай көлі – Қазақстандағы табиғаты көркем, суы тұнық көлдердің бірі. Әйткенмен, Баянауыл ұлттық табиғи паркі аумағында тау жоталары арасында орналасқан осынау көл жайлы білмейтіндер әлі де аз емес. Мұнда келген демалушылар көлге шомылып, қарағайлы орманды жаяу аралап, тауға шығып көңіл сергітеді.