Accessibility links

Дариға Назарбаеваның саяси мансабы

2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін жұрт алдына шықпаған Дариға Назарбаева парламент мәжілісі депутаты өкілетін мерзімінен бұрын доғаратынын мәлімдеді. Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызының бұл шешімі 25 ақпанда жарияланды. Қаңтардың басында кедейлік, қымбатшылық пен жұмыссыздықтан қажығанын айтып, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуды, елді отыз жылға жуық билеген экс-президент Назарбаев құрған авторитар жүйені өзгертіп, жемқорлықты жоюды, саяси реформа жасауды талап еткен халықтың жаппай наразылығы Қазақстанның барлық өңірін қамтыған. Бейбіт шерудің аяғы дүрбелеңге ұласып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елге "шетелден келген террористер шабуылдағанын" айтып, ескертусіз атып өлтіруге бұйрық бергенін мәлімдеді. Кемінде 227 адам қаза тапты, билік мыңдаған адамды ұстады. Тергеу кезінде азапталғанын айтып жатқандар көп.

Әкесі билікте отырған кезде саясатқа араласуын бастаған Дариға Назарбаева кезінде ірі медианы басқарды, үкіметте де, парламентте де басшы қызметтер атқарды, өзінің саяси партиясын да құрды, Қазақстанда және шетелде қымбат мүліктері бар бай адам атанды. Азаттық Дариға Назарбаеваның саяси мансабы жайлы фотогалерея ұсынады.

16x9 Image

Кенжебек НҰРҚАСЕНҰЛЫ

Кенжебек Нұрқасенұлы - 1967 жылы туған. Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Семейдегі «ТВК-6» телеарнасында, «СолDAT» газетінде, «Қазақ тарихы» журналында жұмыс істеген. Азаттық радиосында 2001 жылдан бері еңбек етеді. 

XS
SM
MD
LG