Сәрсенбі күні Астанада брифинг өткізген Қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай салықтан жалтару фактісі бойынша «Комета S» баспасының директоры Юлия Козловаға қарсы қылмыстық іс қозғалғандығын жария етті. Қаржы полициясы таратқан мәлімет бойынша, қылмыстық іс биыл қазанның 22-і күні қозғалған.
«Тексеру барысында Козлова бухгалтерлік есеп мәліметтерін құжаттаудан жалтарғаны және есеп мәліметтеріне кәсіпорынның шаруашылық қызметі туралы жалған ақпаратты әдейі енгізгендігі, сол арқылы мемлекетке 2 миллион 700 мың теңге шығын келтіргендігі анықталды», - деді Мұрат Жұманбай.
Алайда Козлованың өзі мұндай айыпты жоққа шығарып отыр.
- Олар біздің іс құжаттарымыздың барлығын алып кетіп, оны шыр айналдыру арқылы әртүрлі салықтарды қосып-қосып, қылмыстық іске жеткізіп шығарды, - деді баспа директоры.
Іс қозғалардан бір ай бұрын, қыркүйектің 24-і күні түнде Қаржы полициясының бір топ қызметкерлері Алматыдағы «Комета S» баспасының барлық өндірістік мүлкін, соның ішінде тәуелсіз «Республика» газетінің тиражын, тіркелмеген «Алға» партиясының бюллетендерін, сондай-ақ бухгалтерлік құжаттардың барлығын алып кеткен болатын.
Соған қарамастан «Республика» ұжымы дайындаған газет ертесіне-ақ қолмен түптеліп сауда нүктелеріне шыққан еді. Тек ол ғана емес, «Комета S» баспасында дайындалып келген оппозициялық бағыттағы «Азат» газетінің ұжымы да өз өнімдерін шығаратын цех таппай қалды. Өйткені, республикадағы басқа да баспалар олардың газеттерін басудан бас тартты.
ТӘУЕЛСІЗ ГАЗЕТТЕРДІҢ ТАРАЛУЫН ТҰНШЫҚТЫРУ ЖОЛЫ
Осылардың бәрін есепке ала отырып, оппозициялық ұйымдар, баспа директоры мен адвокаты бұл істің саяси астары бар деп мәлімдеді. Олардың пікірінше, тәуелсіз газеттердің таралуын билік осындай жолмен тұншықтырмақ екен.
- Біз осының барлығы қолдан ұйымдастырылған деп есептейміз. Бұған дейін олар баспаны жауып, Козловаға жұмыс істетпеген болатын. Мұның барлығын олар қылмыстық іске жеткізуі керек болды. Өйткені біз қаржы полициясының әрекетіне қарсы шағым түсірдік. Ол бойынша жақын күндері сот басталуы тиіс. Ал бұлар қылмыстық іс қозғамағанда олардың әрекетінің заңсыздығы ашылып қалар еді, - деді адвокат Сергей Уткин.
Оның айтуынша, қаржы полициясының әрекетіне қатысты бірінші шағым Алматыдағы экономикалық сотқа, екінші шағым қылмыстық іс қозғау туралы қаулыға қатысты Медеу аудандық сотына өткізілген. Алайда бірінші шағымды экономикалық соттың судьясы өндіріске алудан бас тартқан, соған байланысты адвокат қалалық сотқа шағым түсіргендігін айтып отыр.

Заңгер Сергей Уткин "Комета S" баспаханасының қасында сұхбат беріп тұр. Алматы, 24 қыркүйек 2009 жыл.