Accessibility links

Тіркелу рәсімдерін енді Ішкі істер министрлігі жүргізеді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Сәуірдің 1-інен бастап тұрғындарды құжаттандыру қызметі ішкі істер министрлігінің қарамағына өтеді. Бұл жөнінде әділет министрінің орынбасары Әмірхан Аманбаев мәлімдеді.



Азаматтардың құжаттарын рәсімдеу мен тіркеуге алу қызметінің ішкі істер министрлігіне берілетіні туралы заңға Қазақстан президенті 2010 жылы желтоқсанның 29-ында қол қойған еді. Әділет басқармасының қызметкері тұрғындардың құжаттарын рәсімдеу қызметі бір министрліктің қарамағында болғаны жөн дегенді айтады.

Ал әлеуметтанушылар тұрғындарды құжаттандыру қызметін басқа министрлікке ауыстырғанымен, халыққа қызмет көрсету сапасы жақсара түседі дегенге сенімсіздікпен қарайды. Әлеуметтанушы Серік Бейсенбаев "Әділет министрлігі бұл қызметті атқара алмағандықтан қайтадан ішкі істер министрлігіне қайтарып беріп отыр" дейді.

Жетісу ауданының халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне жолықққанымызда, олар әділет министрлігінің қаулысымен таныс болмағандықтан, ешқандай ақпарат бере алмайтындарын айтты.

Әділет басқармасының Жетісу ауданы бойынша құжаттандыру бөлімінің бастығы Қанат Тәженов қажетті материалдар тапшы болғандықтан, қиындық құжаттарды дайындау барысында ғана кездесетінін айтады.
XS
SM
MD
LG