2015-16 жаңа оқу жылында кейбір аймақтардағы бастауыш сыныптарда берілетін тегін тамақ алынып тасталды; «тарих», «география» сияқты пәндердің кей оқулықтарындағы қателіктер Украина елшілігінің Қазақстан сыртқы істер министрлігіне наразылық білдіруіне ұласты; мұғалімдерді өз міндетінен тыс жұмыстарға қатыстыру, концерттерге билет алғызып, газет-журналға мәжбүрлі түрде жаздыру сияқты жағдайлар жөнінде де баспасөзде жиі айтылады.
Оқи отырыңыз: Мұғалімдер шөп орып, көше тазалағанын да айтады
Қазақстан мектебіндегі осы тақілеттес проблемаларды шешудің жолы бар ма? Сапалы білімге қайтсек қол жеткіземіз? Мұғалім мәртебесін бағалауға не қажет? Бұл сауалдарға AzattyqLIVE хабарының осы жолғы қонағы «Ұрпақ тағдыры - білімде» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерсайын Ерқожа жауап берді.
Ұқсас мақала: Қырым мектеп оқулықтарында «Ресей субъектісіне» айналған