Accessibility links

Жұмыс табудың қиындығы сөз болды


Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жұмыс іздеп келген адамдар. Шымкент. 24 тамыз, 2016 жыл.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жұмыс іздеп келген адамдар. Шымкент. 24 тамыз, 2016 жыл.

Шымкенттегі еңбек жәрмеңкесінде 2 мың жұмыс орны ұсынылды. Жұмыспен қамту орталығы дерегінше, қалада 3 мың жұмыссыз тіркеуде тұр.

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында өтіп жатқан еңбек жәрмеңкесіне келушілердің бірі – тарих пәнінің 10 жылдық өтілі бар мұғалімі, 34 жастағы Ләззат Әшекова. Ол жұмыссыз қалған соң бір жылдан бері «қақпаған есігі қалмағанын» айтады.

– Үш балам бар. Несие алған едік, ай сайын төлейміз. Күйеуімнің тапқан табысы жетпейді. Бүгінгі жәрмеңкеден жұмыс табамын ба деген үмітім бар. Бос деген жұмыс орындарын жазып алып, жолдама алу үшін кезек күтіп тұрмын. Әйтпесе жұмыс іздеп барған жерімнің барлығы «бос жұмыс орны жоқ» деп шығарып салады, – дейді ол.

Шымкенттегі еңбек жәрмеңкесі
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:21 0:00
Жүктеп алу

Жұмыс іздеушілердің енді бірі – көп балалы ана Мейрамкүл Сейіткерімова. Бұрын базарда сауда жасаған азамат қазір ол кәсіпке денсаулығы жарамай қалғанын айтады. Оның сөзінше, екі сағат бос жұмыс орындары жәрмеңкесін аралағанымен жұмыс таппаған.

– Іздегенім – еден жуушы. Ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркемей қойды. Қайда барсам да «жасыңыз келіп қалған» дейді. Сонда кімге барып, қайдан көмек сұрауым керек? Күйеуім – мүгедек. Отбасындағы сегіз жан баламның айына алатын 50 мың теңгесіне қарап отыр. Бұл күнделікті тамағымызға да жетпейді, – дейді Мейрамкүл Сейіткерімова.

Видео: Шымкенттегі жұмыс жәрмеңкесі

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:36 0:00

«ЖҰМЫСҚА АЛЫНАРЫНА КЕПІЛ БОЛА АЛМАЙМЫЗ»

Шымкенттегі бүгінгі бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде денсаулық сақтау, қызмет көрсету, өнеркәсіп, құрылыс, мәдениет және спорт, білім беру саласы мекемелері 2 мың жұмыс орнын ұсынды.

Ол жерге жұмыс іздеп келгендер арасында жастар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, балалы әйелдер де байқалды. Жұрттың көбі білім беру мекемелеріне жолдама алуға кезекке тұрды. Жұмыспен қамту орталығының бір маманы бұрын жазылған жолдамаларды таратса, екіншісі жаңа жолдамаға жұмыссыздардың атын жазып берді. Мамандар «жолдама жазылғаннан кейін бес күн ішінде жұмыссыз азаматқа берілетінін» айтады.

Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы тұрақты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Қанат Сарыпбаевтың айтуынша, бүгінгі еңбек жәрмеңкесінде білім беру саласы бойынша 400-дей жұмыс орны ұсынылған

– Жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын жұмыссыз жүрген азаматтарға ұсынып жолдама бергенімен, оларды жұмыс берушілердің жұмысқа алатынына кепіл бола алмайды. Жұмысшылардың айлық жалақысын да жұмыс беруші тарап белгілейді. Біз тек мекемелердегі бос жұмыс орнын анықтап, тұрғындар мен жұмыс берушілердің арасында дәнекер боламыз, – дейді Қанат Сарыпбаев.

Жұмыс беруші мекеменің бірі ретінде жәрмеңкеге қатысып отырған 84-мектептің өкілі Гүлназым Өтемісова педагог-психолог маман іздеп жүргендерін айтады. Оның сөзінше, мекеме бос жұмыс орны туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығына береді – орталық жолдама бермейінше маманды жұмысқа қабылдай алмайды.

– Біздің маманға қоятын басты талабымыз – жоғарғы білімді, кем дегенде бір жылдық еңбек өтілі бар немесе жоғарғы оқу орнын жақсы бітірген болуы керек. Жолдаманы алғаннан соң мектеп басшылығы онымен кеңес өткізеді. 40-50 мың теңге шамасында айлық жалақы төленеді, – дейді Гүлназым Өтемісова.

Махаббат Жиенбаева, №7 қалалық емхананың кадр бөлімінің инспекторы. Шымкент. 24 тамыз, 2016 жыл
Махаббат Жиенбаева, №7 қалалық емхананың кадр бөлімінің инспекторы. Шымкент. 24 тамыз, 2016 жыл

Қызметкер іздеп жүрген мекеменің енді бірі – қалалық 7-емхана. Емхананың қадр бөлімінің инспекторы Махаббат Жиенбаеваның сөзінше, оларға төрт маман қажет.

– Емханаға инфекционист өте қажет. Өз қызметкеріміз декреттік демалысқа кетті. Бірнеше ай болды, маман табылмай жатыр. Өйткені бұл маман облыстың өзінде тапшы. Жәрмеңкеде осы маманның қажет екенін дауыстап айтып, шақырып жатырмыз. Әзірше ешкім жоқ, – дейді ол.

Шымкенттегі еңбек жәрмеңкесінде жұмысқа жолдама алып кетіп бара жатқан азаматтар да аз болмады. Солардың бірі, бірнеше айдан бері жұмыссыз жүрген 55 жастағы Күлбибі Тұрәлиева еден жуушы қызметкер іздеген мекемеге жөнелтілген.

– Жалақысы 31 мың теңге екен. Бұған да тәуба. Жастарға жеңілдеу ғой. Бізге жұмыс табу өте қиын, – дейді ол.

Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының дерегінше, онда 3 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Орталық ол азаматтардың басым бөлігінің кәсіптік не жоғарғы білімі жоқ екенін айтады.

Ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті мәліметінше, ел бойынша 452 мың адам жұмыссыз. Бұл – еңбекке жарамды 9 миллионға тарта адамның 5,1 пайызы.

XS
SM
MD
LG