Accessibility links

Қазақстанда қоғамдық даулар қалай шешіліп жүр?


Үйін күреуге қарсы Астана тұрғыны Несіпкүл Ұябаева баспанасының қабырғасына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттерін жапсырып, наразылық білдіріп тұр. Астана, 10 мамыр 2017 жыл.
Үйін күреуге қарсы Астана тұрғыны Несіпкүл Ұябаева баспанасының қабырғасына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттерін жапсырып, наразылық білдіріп тұр. Астана, 10 мамыр 2017 жыл.

AzattyqLIVE хабарында: "Қазақстанда қоғамдық конфликтілер қалай шешіліп жүр?" тақырыбында кейінгі кездегі әлеуметтік, діни және ұлттық кикілжіңдер мәселесі талқыланды. Даулардың шешілу жолдары, оларды шешудегі тәсілдер мен тәжірибелер жайы айтылды. Студия сарапшысы - саясаттанушы Талғат Қалиев.

Кейінгі уақыттарда Қазақстан қоғамында түрлі әлеуметтік, тұрмыстық кикілжіңдер талқыланып, видеолары БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы тарап жатады. Мысалы, Астанада Әділбек Мейрамовты үйінен шығару кезіндегі жанжал, Несіпкүл Ұябаеваның үйін күреу оқиғасындағы тартыс, Өмірбек Жампозовтың прокуратураға шабуыл жасап соңынан өзін өлтіруі, «Эйр Астана» компаниясы мен жолаушы арасындағы тіл дауы сияқты оқиғалар жұрт назарын аудартты.

AzattyqLIVE тікелей эфирінде «Қоғамдағы дауларды шешудің жаңа жолдары бар ма? Олардың туындау себептері қандай? Билік пен халық, қызмет көрсетуші мен тұтынушы, қарапайым тұрғындар арасындағы кикілжіңде реттеу функцияларын кім атқаруы тиіс? Оны шешудің тиімді тәсілдері бар ма?» тәрізді сауалдарға саясаттанушы Талғат Қалиев жауап берді.

  • 16x9 Image

    Қасым АМАНЖОЛ

    Қасым Аманжол – Азаттық радиосының тв-продюсері. 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино және телевидение факультетін аяқтаған. 20 жылдан астам Қазақстанның телевизия саласында істеп келеді. Авторлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің авторы. «Шынның жүзі» сұхбаттар циклын, «Анық Абай» деректі сериалын, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы жайлы фильмдерді, 2014 жылы Шығыс Украинадағы соғыс пен Қырым туралы фильмдер түсірген. 2015 жылдан бері Азаттықта тікелей эфирлер жүргізіп, тележобалар жасайды. Телетоптың жұмысына продюсерлік істейді.

XS
SM
MD
LG