Қазанның 6-сы күні Қазақстан президенті Назарбаевтың қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін құру туралы қаулысы шықты. Жаңа мекемеге қорғаныс, инвестициялар және даму, ұлттық экономика министрліктерінен; премьер-министр кеңсесінен бірқатар өкілеттіліктер алынып берілмек.
Жаңа министрлікке берілетін өкілеттіліктер де ауқымды: қорғаныс өнеркәсібі, ғарыш қызметі, жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы функциялар.
Қазақстанда министрліктер қандай қағидалармен құрылады? Жаңа министрлікке әртүрлі мекемелердің функцияларын берген тиімді ме және бұл мекеме елдің киберқауіпсіздігін қалай қамтамасыз етпек?
AzattyqLIVE тақырыпты саясаттанушы Досым Сәтпаевпен талқылады. Орыс тілінде өткен хабардың толық видеосын мына сілтеме арқылы көре аласыз.