Ақпанның 13-і күні шыққан мақала «Норвегиялық ірі компания StatOil жеті жылға созылған келіссөзден соң, қазақстандық теңіз блогынан кететінін мәлімдеді» деп басталады.
«ҚАЗАҚСТАН ШАРТТАРЫН ЖЕҢІЛДЕТУІ КЕРЕК»
Агенттіктің дерегіне қарағанда, «Қазақстанның «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының стратегиялық әріптесі саналатын StatOil бұл шешімі туралы хабарламаны өткен айда жолдаған».
«ҚазМұнайГаздың» хабарлауынша, «2006 жылы StatOil 387 миллион тонна (2 миллиард 800 миллион баррель) қоры бар деп есептелген «Абай» кен орнын игеруге қосылмақ болған».
Агенттік: «Бірақ кен орнын игеру жұмысы кідірістеп, қаржы шығындары көбейді. Бұл негізгі табысы мұнай болып отырған Қазақстан үкіметінің компанияларға деген талабын күшейтті» деп жазады.
«ConocoPhillips – «Қашаған» жобасын жалғастырудан бас тартқан тағы бір компания» дейді агенттік. Мақалада көрсетілген дерекке қарағанда, «Бұл компания келісімге отырып, жұмысты бастаған сегіз жыл ішінде жобаның («Қашаған» - ред.) шығыны 46 миллиард АҚШ долларына жеткен».
Агенттікке сұхбат берген Мәскеудегі «Renaissance Capital» сарапшысы Ильдар Давлетшин «Шикізатқа бай елдер арасында бәсеке күшейіп барады. Қазақстанның Каспий теңізіндегі қоры (мұнай – ред.) мол, бірақ мемлекет мұнай өндірушілерді тарту үшін оларға қойылатын шарттарды да жеңілдетуге тиіс» дейді. Оның пікірінше, «Оффшор жобасынан (Каспийдегі мұнай кеніші – ред.) шетелдік әріптестердің шығуы оның дамуына кедергі келтіреді, себебі «ҚазМұнайГаздың» тәжірибесі аз, ірі жобаны жалғыз өзі атқаруға шамасы жетпейді».
Bloomberg-тің дерегі бойынша, «Бұрынғы Совет Одағында мұнай өндіру жағынан екінші орында болған Қазақстан «Қашаған» мен «Теңіз» кенішін игеріп жатқан Chevron корпорациясына және «Қарашығанақ» кенішіндегі Eni мен BG компанияларына мұқтаж».
Агенттік бұл туралы Қазақстанның мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевтың «Олар «Қарашығанақ» кенішінен 2016 жылдан бастап жылына 80 миллион тонна мұнай өндірмек» деген пікірін келтірген.
Halyk Finance компаниясының 2012 жылғы желтоқсан айындағы дерегі бойынша, «2011 жылы мұнайдан түскен табыс елдегі жалпы ішкі өнімнің 16 пайызын, салықтан түскен пайданың жартысын құраған».
STATOIL НЕГЕ БАС ТАРТТЫ?
Мақалада норвегиялық мұнай өндірушілер жөнінде деректер жариялап келе жатқан Stavanger сайтының да мәліметтері қамтылған. Сайттың жазуынша, «StatOil 2004 жылы Астанада кеңсесін ашып, «ҚазМұнайГазбен» әріптес болған. Мұндағы мақсаты - Солтүстік Каспий аймағында бизнесін дамыту. «Абай» кеніші жағалаудан 65 километр (45 миль) қашықтықта жатыр».
Агенттік сұрақтарына StatOil компаниясының баспасөз хатшысы Баард Глад Петерсон электронды поштамен жауап берген. Онда «Абай» кенішін коммерциялық және техникалық тұрғыда бағалай келе, біз келіссөзді жалғастырмайтын болдық» деп жазған. Петерсонның айтуынша, «Компания «Абай» жобасын игеру туралы келісімге 2001 жылдың наурызында қол қойған».
Агенттіктің дерегіне қарағанда, «ҚазМұнайГаз» серіктестерін жоғалтса да, Каспий жобасындағы компаниялардың үлесін сатып алып жатыр. Мемлекеттік компания «Жамбыл» және «Сәтпаев» кеніштерін қосқанда 435 кен орнын бұрғыламақ. Барлау ісін «Абайдан» бастайды, Eni компаниясымен бірігіп, «Исатай» мен «Шағала» кен орындарын да зерттейді».
«ConocoPhillips те жобадан шығып, өз үлесінің 24,5 пайызын қазақстандық компанияға қаңтар айында 32 миллион АҚШ долларына сатты. Енді «Қашағандағы» 8,4 пайыздық үлесін Үндістанның мұнай және табиғи газ компаниясына бес миллиард долларға сатпақ. Қазақстан мұнай және газ министрінің айтуынша, Қазақстан ConocoPhillips-тен алған үлесін кімге сататыны туралы шешім қабылдаған жоқ» дейді Bloomberg .
Агенттік Shell компаниясының қаржылық директоры Саймон Генридің 2012 жылы қарашаның 1-і күні баспасөз мәслихатында айтқан сөзін келтірген. Ол «Қашағандағы» Exxon Mobil Corp және Royal Dutch Shell Plc компаниялары акцияларын сату құқығын «ҚазМұнайГазға» берді» деп мәлімдеді. Өйткені, «Қашағанды» барлау ісі 18 айға шегерілген, «қаржылық орта» инвестициялық колдау көрсетпеген».
Мақалада «Eni-дің «Шағаланы» барлаудан бас тартып, тек «Исатайды» ғана зерттеуге келіскені» де жазылған.
«ҚазМұнайГаз» үндістандық ONGC Videsh компаниясының жоспарын тексеріп жатыр. ONGC Videsh пен «ҚазМұнайГаз» 2014-2015 жылдары «Сәтпаев» кенішінде екі барлау ұңғымасын қазып көрмек. ONGC Videsh 2011 жылы «Сәтпаевтың» бес пайыз үлесіне ие болған. «ҚазМұнайГаз» Оңтүстік Кореяның ұлттық мұнай компаниясымен бірігіп, «Жамбыл» кен орнын осы жылы бұрғыламақ» деп жазады агенттік.