Accessibility links

Белсенділер айыппұлдың ақшасын жинап жатыр


Қоғамдық палата белсенділері сотта отыр. Талдықорған, 2012 жылдың маусымы.
Қоғамдық палата белсенділері сотта отыр. Талдықорған, 2012 жылдың маусымы.

Талдықорғандағы қоғамдық палата белсенділері аймақтық антимонополиялық департамент директорына «моральдық зиян тигізгендері үшін» төлеуі тиіс 1 миллион теңгені жинай бастады.

Былтыр сәуір айында жергілікті «Вечерний Талдыкорган» газетінде қоғамдық палата мүшелері қол қойып, жарияланған мақалада «Тұрсынбай Галинов электр қуатының бағасын өсіріп еді, енді барлық азық-түлік өнімдері мен қызмет ақысы қымбаттап жатыр. Электр қуатының бағасын көтергені үшін оған сенімсіздік білдіреміз» деп жазылған. Мақалаға жауап ретінде шенеунік сотқа талап-арыз беріп, былтыр күзде жеңіп шықты.

Жергілікті соттардың шешімімен келіспеген азаматтық белсенділердің шағымы қазір жоғары сотта жатыр. Алайда белсенділер бұл істе жеңіп шығатындарына сенбей, осы аптада жұртшылықтан сот кескен 1 миллион теңге айыппұлды жинауға көмек сұрады.

БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ

Талдықорған қоғамдық палатасының баспасөз хатшысы Мәдина Қалиеваның айтуынша, табиғи монополияны реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті директоры Тұрсынбай Галинов пен азаматтық белсенділер арасындағы жанжалға электр қуаты бағасының өсуі себеп болған. Азаматтық белсенділер электр қуатымен жабдықтайтын ұйымның шығындарын жан-жақты сараптамадан өткізуді талап еткен.

– Соңғы тыңдалымдарға қоғамдық ұйым мүшелерін мүлде қатыстырмай қойды. Сондықтан біз «Вечерний Талдықорған» газетінде Тұрсынбай Галиновтың атына өзіміздің сын-пікірімізді айттық, – деді Мәдина Қалиева Азаттық тілшісіне.
Талапкер газет арқылы келтірілген моральдық нұқсанды әуелі 20 миллион теңгеге (130 мың доллардан астам) бағалаған.

Табиғи монополияны реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті директоры Тұрсынбай Галинов газеттегі мақаланы жеке басына тіл тигізу ретінде бағалады. Талапкер газет арқылы келтірілген моральдық нұқсанды әуелі 20 миллион теңгеге (130 мың доллардан аса) бағалаған. «Әділ сөз» баспасөз өкілдерін қорғау ұйымы былтыр өзінің мониторингінде бұл фактіні сөз еркіндігіне қол сұғу оқиғасы ретінде көрсеткен еді.

Сот «мақаладағы сын шындыққа жанаспайды, мақала шенеуніктің қызметін заңға қайшы ретінде сипаттау арқылы Галиновтың ар-намысы мен қызметтік беделіне нұқсан келтірген» деп танып, талапкердің пайдасына 1 миллион теңге өндіру туралы шешім шығарды.

Қоғамдық палата белсенділері Бениамин Файзулин мен Нұрлан Айшымбаев
Қоғамдық белсенді Бениамин Файзулин. 2013 жылдың қаңтары.
Қоғамдық белсенді Бениамин Файзулин. 2013 жылдың қаңтары.
жергілікті билік осындай сот шешімдері арқылы азаматтық белсенділерді тұқыртып алмақ және олардың жұмысын ақсатпақ деген пікірде.

Облыстық монополияға қарсы департамент директоры Тұрсынбай Галинов сотта жеңіп алған 1 миллион теңгені қайырымдылыққа жұмсайтынын айтты:

– Мен қоғамдық палата мүшелеріне Алматы облыстық сотының қаулысымен моральдық нұқсан үшін тағайындалған соманы Талдықорған қаласындағы облыстық мамандандырылған балалар үйінің есеп-шотына аудару туралы хат жаздым. Ақша аударылған соң белсенділердің кез-келгені бұл ақшаның қандай мақсатта жұмсалғанын тексеруіне болады, – деді ол Азаттық тілшісіне.

ЖЫЛУ ЖИНАУ БАСТАЛДЫ

Ал белсенділермен соттасқан лауазымды тұлғаның тікелей басшысы – табиғи монополияны реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов монополистердің тарифтік саясатын тексеріп, тұтынушылардың құқығын қорғайтын үкіметтік емес ұйымдарды қолдап, оларды мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруды ұсынады.

Tengrinews ақпарат агенттігі Мұрат Оспановтың «Қызметтерін саралай отырып, тұтынушылардың құқын қорғайтын қоғамдық ұйымдардың рөлін арттыру қажет; тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы тәжірибені (өндірілген ақшалай өтемақыны) ескере отырып, қоғамдық ұйымдарды мемлекет тарапынан қаржыландыруды қарастыру керек» деген сөзін келтірген.

Талдықорғандағы қоғамдық палата мүшелері табиғи монополияны реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті директоры Тұрсынбай Галиновпен есеп айырысу үшін осы аптада 1 миллион теңге (6,5 мың доллардан астам), сот шығындарын өтеу үшін 13 мың теңге (90 долларға жуық) ақша жинауға жұртшылықтан көмек сұрады.
XS
SM
MD
LG