Accessibility links

«Нұр Отанның» атынан жұмыс істеген қор ақшаны қайтара алмай отыр


«Жаңа дәуір» қорының салымшылары құқық қорғау орындарына шағым жазып жатыр. Талдықорған, 21 қаңтар 2011 жыл.
«Жаңа дәуір» қорының салымшылары құқық қорғау орындарына шағым жазып жатыр. Талдықорған, 21 қаңтар 2011 жыл.

Талдықорғанда азаматтар «Жаңа дәуір» бірлескен қорына 15 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін қаржы салған. Салымшылардың айтуларынша, оларға «бұл ақшаларыңа 80 пайыз сыйақы қосып береміз» деп уәде еткен. Бірақ қазір сыйақы түгіл өз ақшаларын да қайтара алмай отыр.


«Жаңа дәуір» қоры Алматы облыстық прокуратурасының дәл түбінде орналасқан. Жуықта ғана қор қызметкерлері бөлмелерді жалға алған ғимараттың маңы бүгінде адамға толы. Қазір кабинеттер бос. Қор салымшылары құқық орындарына, президенттік «Нұр Отан» партиясына шағымданып, қол жинап жатыр. Олар «Нұр Отан» партиясының атын жамылғандар бізді қорға алдап кіргізді» дейді.

АҚШАНЫҢ ӨЗІ ДЕ ЖОҚ, ӨСІМІ ДЕ ЖОҚ

Қор салымшысы Роза Мұратова Азаттық радиосымен болған әңгімеде «бұл – «Нұр Отан» партиясының қоры» деген әңгіме шынымен де болды» дейді:

– Алдымен бізге «бұл жай ғана бірлескен қор емес, оның маңызды құрылтайшылары, құжаттары, келісім-шарттары бар» деп түсіндірді. Біз
«Жаңа дәуір» қорының салымшысы Роза Мұратова. Талдықорған, 21 қаңтар 2011 жыл.
салған ақшамызға сертификат, квитанция алдық. Ол жерде «ақшаларыңды екі аптаның ішінде қайтарамыз» деген қордың міндеттемесі бар. Одан бері, міне, үш ай өтті – әлі ақшамызды да, пайыздық өсімін де көрген жоқпыз. Көп адамдар несие алды, көпшілігі әйтеуір бір табыс табу үшін мүліктерін кепілге қойды, – дейді Роза Мұратова.

Қор салымшылары – негізінен зейнеткерлер мен жарлы-жақыбайлар. Зейнеткер Татьяна Мазурова туыстарымнан 90 мың теңге (600 доллар шамасы) қарызға алып, тақырға отырдым дейді.

– Қор «сыйақыны жақсылап төлейміз – 15 мың теңге салсаң, оның үстіне 12 мың теңге қосып аласың» деп уәде берді. Өзіңіз білесіз, кез-келген зейнеткер ақшаға мұқтаж. Оның үстіне осы бағдарламаға қатыса отырып қаржылық жағдайымды жақсартамын деп ойладым. Сондықтан да осы қорға кірдім, – дейді Татьяна Мазур.

Азаттық радиосына қор қызметкерлерінің бірі Серік Молбаевпен
«Жаңа дәуір» қорының қызметкері Серік Молбаев. Талдықорған, 21 қаңтар 2011 жыл.
байланысудың сәті түсті:

– Қазір қор басшылығында құрылтайшылар өзгеріп жатыр. Құрылтайшылар ауысып болған соң салымшылар оларға ақшасын қайтару мәселесімен барсын, – дейді Серік Молбаев.

Татьяна Мазур мен Роза Мұратованың айтуларынша, қордың алты мыңдай салымшысы бар көрінеді және олар қорға барлығы 90 миллион теңгедей (шамамен 600 мың доллар) қаржы салған-мыс. Ол кісілердің айтуларынша, «Нұр Отан» партиясының мүшелері ақшаларын жоғалтпаған, ал қалғандарына ақшаларын қайтармаған.

Салымшылар «қазір өзіміздің салған ақшамызды қайтарсақ болды, сыйақысын дәметпей-ақ қояйық» деп отыр.

«НҰР ОТАННЫҢ» «БЕДЕЛІНІҢ КҮШТІЛІГІ»

«Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалындағылар «Жаңа дәуірге» байланысты оқиғаны біледі. Салымшылар ол жаққа да арыздарын апарып тастады. «Билік партиясы беделінің күштілігі соншалық, енді түрлі алаяқтар оның атын жамыла бастады» дейді «нұротандықтар».

«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сыдық Әбдіқадыров «жыл сайын көп адам партияның атынан заңсыз әрекет
«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сыдық Әбдіқадыров. Талдықорған, 26 қаңтар 2011 жыл.
жасайтын болды» дейді.

– Кейбіреулер куәлікті қолдан жасап алып, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің атын жамылады. Біз мұндай фактілерді дер кезінде анықтауға тырысамыз, – дейді Сыдық Әбдіқадыров Азаттық радиосына.

«Салымшылардың арызы бойынша «Нұр Отан» партиясының қандай шешім қабылдайтыны құқық органдары бірлескен қор қызметін жіті тексеріп шыққан соң ғана белгілі болады» дейді президенттік партияның филиалындағылар.
XS
SM
MD
LG