Accessibility links

«Азат» партиясы сотталған Рамазан Есіргеповке айрықша «аспаздық» көрмесін өткізу арқылы қолдау білдірді


"Азат" партиясының өкілдері ұйымдастырған көрмеге қойылған "Сөз бостандығына шабуыл" деп аталатын тағам. Талдықорған, 27 тамыз, 2009 жыл.
"Азат" партиясының өкілдері ұйымдастырған көрмеге қойылған "Сөз бостандығына шабуыл" деп аталатын тағам. Талдықорған, 27 тамыз, 2009 жыл.

«Азат» партиясының белсенділері Талдықорғанда «Тіл де құрал және оны Қазақстанның қазіргі жағдайында қолдану» деп аталған наразылық акциясын өткізді. Бұл өзгеше шара жылға бас бостандығынан айрылған журналист Рамазан Есіргеповті қолдауға арналды.

СҮЙГЕН ЕРІННІҢ ІЗІ ҚАЛҒАН ҚАУЫН

Көрмеге экспонат ретінде көкөніс, жемістерден жасалған және басқа да түрлі азық-түлік тағамдары қойылған. Көрмеге шығарылған «аспаздық» өнердің өнімдері өзге де азықтық емес ұсақ-түйек заттармен толықтырылды. Талдықорғандық «Азат» партиясы белсенділерінінің бұл идеясын жергілікті опозициялық бағыттағы ҮЕҰ қолдады.

Біздің Азаттық радиосына берген сұхбатында талдықорғандық құқыққорғаушы Әлия Қасымханқызы іс-шараның мәнін былай түсіндірді:

- Біз әрдайым «тіл» деп айтқанда сөз немесе қай тілде сөйлейтіндігіміз ойымызға келеді. Бірақ біздің көрмеміз басқа мақсатты көздейді. Біз
"НАН өнімдері Суперханның құйрығында болып қайтты" тағамы. Талдықорған, тамыз, 2009 жыл.
тілдің – адамның ішкі жан дүниесінің қалыптасып, адами мән-мағынаны ұғындыратын жолдағы ең алғашқы маңызды құрал екендігіне назар аудартқымыз келді. Тіл дамудың, ақиқат пен шындықтың арқауы болу керек. Тіл жағымпаздық, өтірік айту, көлгірсу, сатқындық, екіжүзділік сияқты жағымсыз қасиеттерді дамытуға емес, сөз бостандығына қызмет етуі тиіс.

Осындай мақсатты көздеген көрмедегі тағамдардың көбі қоғамның кемшілік- олқылықтарын бейнелейді. Көрермендерге әсіресе, «НАН өнімдері Суперхан құйрығында болып қайтты» атты бөлім қатты ұнады. Үлкен қауын құйрық түрінде бейнеленіп, оның айналасына қызылша, сәбіз және қызанақтан еріннің іздері қалдырылған.

«Ақ жол» партиясының Алматы облыстық филиалының төрағасы Құдайберген Каңтарбаев көрмені креативті - шығармашылық ой-қиялдың жемісі деп бағалап, дегенмен де кейбір экспонаттарға өзгеріс енгізуді ұсынды:

"Өзіндік цензура" тағамы. Талдықорған, тамыз 2009 жыл.
- «Өзіндік цензура» тағамын әуе шарымен толықтыруға болады. Менің ойымша, мына ауыздың орнына теміртор салынған қауын казақ халқының қазіргі жағдайын суреттеп отыр. Адамдар шындықты айтудан қорқады, бірақ оларды айтылмаған ой-пікір мазалап жүр. Әуе шарында халықтың мұң-мұқтажын, жанайқайын бейнелеуге болар еді,- деді ол.

Жалпы ұлттық социал-демократиялық партияның Алматы облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Әшімбаев көрмені ұйымдастырушыларға «ұйықтатқыш Бұлбұл» тіл» тағамының фотосуретін ел ішінде осындай атқа ие болып кеткен белгілі шенеунікке жөнелтуді ұсынды. Ол мұны көріп, өзінің көлгірсіген жалған сөздерімен халықты не себепті алдаусыратып, көзбояушылық жасайтынына ой тоқтатар деп сенеді ол.

ҚАМЫР КІСЕН ТУРАЛЫ ПІКІРТАЛАС

«Азат» партиясының белсендісі Галина Долгова Азаттық радиосына берген сұхбатында өздерінің дайындап әкелген тағамдары және олардың әрқайсысы қандай даулы пікір, айтыс туғызғандығын айтты:

- Көрмені ұйымдастыру идеясын біздің барлық белсенділер мен ҮЕҰ еріктілері бірауыздан қолдады. Тек тағамды таңдау барысында бір
"Ұйықтатқыш "бұлбұл" тіл" тағамы. Талдықорған, тамыз, 2009 жыл.
келісімге келу қиын болды. Мысалға, кейбіреулер біздің қамырдан тұсау жасағанымызды қаламады. Бұл атрибут «Таняның тілі - саяси сөз тасушылық» тағамына қажет еді.

Галина Долгованың сөзіне сүйенсек, біреуге «Билік биігіндегі халық тілі» атты тағам ұнамапты.

- Соның ішінде құрама жемнен жасалған халықтың тілін презервативке салғанымыз ұнамаған. Бұл ой кейбір партия мүшелерінің намысына тисе керек. Дегенмен біз ортақ келісім тауып, көрмені ұйымдастырдық. Көрменің біздің кеңсемізде өткендігіне қарамастан, тамашалаушылар өте көп болды. Бір-біріне кедергі жасап, ыңғайсыздық болмас үшін келушілерді кезекпен кіргізіп тұрдық,- деді «Азат» партиясының белсендісі Галина Долгова.

«Алма-Ата инфо» тәуелсіз газетінің тілшісі Асхат Бименбетов көрмені ұйымдастырушыларға өз ризашылығын білдірді. Түрмеге жабылған бас редакторымызға осылайша қолдау көрсетілуі үміт отын оятады деп атап көрсетті ол.

«Азат» партиясының белсендісі Ляйля Хаджимұратова атқарылған іс-шараны қорытындылай келе түрлі экспонаттар арқылы адамзат
"Таняның тілі" тағамы. Талдықорған, тамыз, 2009 жыл.
кемшіліктері әжуаланған көрмені әлі де жария ете түсіп, сөз еркіндігіне ықпал етуге және үш жылға сотталған «Алма-Ата Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргеповпен ынтымақтастық белгісі ретінде «ҰҚК бастығы Амангелді Шабдарбаевқа хат жазамыз» акциясын қолдауға шақырды.

Тамыз айының басында Рамазан Есіргепов Тараз сотының үкімімен түрме жазасына кесілді. Сот журналисті ҰҚК-нің қызметтік құпиясын заңсыз жолмен алып, оны газет бетінде жариялағандығы үшін айыпты деп тапты. Есіргепов үш жылға бас бостандығынан айрылып және оған екі жыл бойын баспа қызметімен айналысуға шектеу қойылды.

Қазақстанның баспасөзді қорғау ұйымдары журналистің түрмеге қамалуын адам құқығының кезекті рет бұзылуы деп бағалап, сот үкімін айыптаған болатын.
XS
SM
MD
LG