Accessibility links

Астанада демалудың әр қыры


"Хан Шатыр" ойын-сауық орталығындағы аквапарк. Астана.
"Хан Шатыр" ойын-сауық орталығындағы аквапарк. Астана.

Астана халқы көбейген сайын бай мен кедейдің айырмашылығы да артып барады. Ол өзгешелікті әсіресе жазғы демалыс кезінде айқын байқауға болады.

Сырахана жабылған кезде ішінде тек ыдыс-аяқ жуушы ғана қалады.

ШОМЫЛУДЫҢ ҚИЫНДЫҒЫ

34 жастағы Жәзира ыдыс-аяқты, еденді жуып, жиналмалы төсекті жазып, ұйқыға жатады. Оның тұратын жері - осы.
Астананың ортасында канистрмен су тасып жүрген тұрғын. 2012 жылдың жазы.
Астананың ортасында канистрмен су тасып жүрген тұрғын. 2012 жылдың жазы.

Жәзира Астанаға Өзбекстаннан ақша табу үшін келген. Пәтер жалдап тұруға шамасы келмейді. Бір бөлме үшін ай сайын 100 доллар бергенше, үнемдеуге тырысады. Сырахана қожайыны осында қонуға рұқсат берген.

Мұнда тыныш, сырахананың күзеті де бар. Қарны ашпайды, бірақ мұнда шомылатын жер жоқ. Аптасына бір рет қана, оның өзінде сырахана қожайыны моншаға ақша бергенде ғана жуынады. Ол ақшаны Жәзира алуға ұялады, көзін төмен салып, бетінен оты шығып, қолын әрең созады.

Астана тұрғындарының көбі шомылатын мүмкіндік жоқ дегенге таң қалуы мүмкін. Жазда мұнда ыстық, аптап болады. Шомылмай жүру мүмкін емес. Тұрғындардың көбі ол кезде теңізде демалуға аттанады.

Сарыарқадағы Астанада суға шрмылатын мүмкіндік көп. Ондай мүмкіндікті жұрттың көбі пайдаланып та отыр.

ӘЙНЕК ІШІНДЕГІ ЖАҒАЖАЙ

Астанада қазір «пляжға кеттік» деген сөз сәнге айналды. Әсіресе қыста бұл сөз құлаққа тосын естіледі.

«Хан Шатыр» ойын-сауық кешеніндегі пляжда құм бар, пальма өсіп тұр. Бұл жерге жазда да жұрт көп келеді.

Аквапаркте жасанды толқындар тулап жатыр. Жоба авторлары келген адам Мальдив аралдарында жүргендей болсын деген ниетпен бар өнерлерін салғаны көрініп тұр.
"Хан Шатырда" суға түсіп жүрген балалар.
"Хан Шатырда" суға түсіп жүрген балалар.

Әйнекпен қоршалған аквапарк аязды Астанада, үлкен ойын-сауық кешенінің ортасында шынымен де жұмақ-арал сияқты. Бұған кіру бағасы - алты мың теңге (демалыс күндері сегіз мың). 11 жасқа толмаған балалар үш жарым мың теңге төлесе, бес жасқа толмаған бала тегін кіреді. Бұл – жазғы баға.

Мұнда кірген адамның қызығатын дүниесі көп. Мәселен, екі баласы бар жұбайларға мейрамханада түскі ас ішу 100 долларға түседі. Мұнда жарты литр судың өзі 400 теңге тұрады. Сырттан тамақ әкелуге тыйым салынған. Әйтпесе 10 мың теңге айыппұл төлейсіз.

Әйнек ішінде орын көп. Бірақ жұрт жақсы жерге таласпай қалмайды. «Көл» шетіне шатырлар тігілген. Оған кірем десеңіз жеті мың теңгені санап бересіз. Бұған түтіні будақтаған кальян да кіреді.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті "Хан Шатырдың" ішінде ілініп тұр.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті "Хан Шатырдың" ішінде ілініп тұр.

Мұнда SPA-орталық та бар. Онда түрлі SPA-қызметтер көрсетіледі.

Мұның бәріне, әрине, ақша керек. Бірақ мұнда келетін халық ешқашан толастаған емес. Жыл он екі ай бұл жердің базары тарқамайды.

ЕСІЛДЕГІ АКВАПАРК

Есіл өзенінің жағалауында нағыз жағажай да бар. Ол жердегі антисанитариялық ескертуді елемеген жұрт суға шомыла береді.

Олардан гөрі сақ адамдар аквапаркке барады. Бассейні, сырғанағы бар аквапарк
Аквапаркте ілінген ескертпелер.
Аквапаркте ілінген ескертпелер.
жаздыгүні ғана ашылады. Оның суы өзеннен келеді дегенмен, аквапарктегі жұрт оны елемейді.

Аквапаркке кіру үшін 600 теңге төлеу керек. Ереже бойынша, 45 минут суға шомылып, 15 минут душқа түсіп, тура бір сағаттан кейін аквапарктен шығып кетуге тиіссіз. Суға түсу кестесі қабырғада ілулі тұр. Ережені бұзғандар кезекшінің назарына ілінбей қалмайды.

СУ ҚОЙМАСЫ МАҢЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС

Қала маңындағы Қоянды су қоймасындағы демалыс аумағы – Астана тұрғындары сейіл құратын жерлердің бірі. Ол аумаққа кіру үшін 200 теңге төлеу керек.

Шлагбаумнан өткен соң ешқандай тәртіпті, жинақылықты байқамайсыз. Қоғамдық әжетхана да жоқ. Қоқыс шашылып жатыр. Шыбын қаптап жүр. Қоқыс салатын ыдыс бір жерде ғана бар екен, бірақ оның өзі әлдеқашан толып қалған.
Қоянды су қоймасының қасында кәуәп пісіріп тұрған адам. Астана маңы, 2012 жылдың жазы.
Қоянды су қоймасының қасында кәуәп пісіріп тұрған адам. Астана маңы, 2012 жылдың жазы.

Су қоймасы маңында жұрт жағажайға айналдырып алған бірнеше орын бар. Қоқыс салатын жер бәрінде бірдей жолықпайды.

Төңірек толған қоқыс екенін демалуға келген жұрт та елемейтін сияқты: күнге қыздырынып, кәуап қақтап, қарбыз жеп отыр. Былтырдан қалған қоқысқа жаңасы қосылып жатыр.

Жұрт мұнда таза ауада демалып, көп шығынға батпас үшін келеді. Көліктері тым ескі емес. Тіпті номері ерекшелері де бар. Ондай көліктер әлдебір үлкен ғимараттың биік ауласына еніп кетеді. Сұрастыра келсек, ол ғимарат Астана әкімшілігіне тиесілі екен.
Қоянды су қоймасының жағасында жүрген қыз. Астана маңы. 2012 жылдығ жазы.
Қоянды су қоймасының жағасында жүрген қыз. Астана маңы. 2012 жылдығ жазы.

Жаз болса, жексенбі күндері Астанаға кіретін даңғыл жолдар көлікке толып кетеді. Күнге күйген, шаршаған астаналықтар үйлеріне асығып, бір-бірін жақтырмай сигналдарын басады.

Ыдыс-аяқ жуатын Жәзира да уақытша үйіне – барға асығады. Ол да шамасына қарай демалып, жұмысқа тың кіріспек.
XS
SM
MD
LG