Accessibility links

“ӘР АУЫЛДАСЫ-БİР-БİР БАУЫР”...


Қонақжай қолмен сапырылған сары қымыз...
Қонақжай қолмен сапырылған сары қымыз...
Тарихи деректерге қарағанда, Совет үкіметіне дейінгі әрбір қазақ ауылын туыстық негізде бірлесе өмір сүріп, тіршілік жасаған тұтас бір қауымдастық десе болғандай.

Ол ауылдың дәл ортасында Бас отау, яғни Ақ отау орналасатын болған. Ауыл көлемі тым үлкен болса, ол-Ақ орда деп аталатын. Оны айнала, субординациялық ретіне қарай өзге отаулар жайғасады екен.

Дөңгелене жайғасқан сол ауылдың шетін ала тігілген жарлы-жақыбайлының үйі де Ақ отау иесінің қамқорлығында болушы еді дейді тарихшылар.

“Үйге бейсаубат ит-құс кіріп кетпесін” деген оймен ғана есіктеріне ши қыстырып, үй иелері қыдырыстап кететін болған. Ондайда әлгі шаңыраққа келген “Құдайы қонақ” үйге емін-еркін еніп, дәмін татып, көршілерінен тиесілі құрмет көріп, демалатын деседі дерек көздері.

Және әлгіндей “Құдайы қонақтар” өздері түскен үйіне зақым келтірмеуге тырысатын.

Ал қонақ адам қандайда бір қаскүнем пиғылда болып, түскен үйіне зиян келтірер болса, ол ең әуелі Ақ отаудың, яғни Ақ орда иесінің алдында жауап беруге тиіс болған.

Үй иелерінің момындығын басынып, асын ішіп, аяғын тепкісі келген, былайша айтқанда қонақ боп түскен үйіне зияндық жасаған ең бір басбұзар деген қонақтың өзін қашса, соңынан қуғыншы шығарып, қайырып алып, Ақ отаудың иесі жазалайды екен.

Яғни Қазақ ауылындағы ең жарлы үйдің де Алладан кейінгі қорғаушысы, сұраушысы, жоқшысы болған.

Сондықтан да “Қонақасыда еншісі бөлінбеген қазақ” деген мінез айрықша құрметтеліп келді.

Менің әкем Үшбай ақсақал “Бір серкешпен екі ер талтақтайды” деп жиі айтушы еді. Мақалының мәнісін сұраған бізге ол кісі:
-Үй иесі азамат “пәлен деген қонағымды бір серкеш сойып күттім” деп мәз болады. Ал қонақ болған азамат та “түгілен деген досымның үйіне барған едім, бір серкешін сойып тастап қарсы алды” деп мақтанады, балам,- деп түсіндіруші еді.

Қазақтың осы қонақжайлылығы өзін қойып, талай шет өлкеліктерді де қайран қалдырған ғой.

Дәл бағзы биігінде болмаса да, қазақтың сол мінезінің жұқанасы әлі де бар. Ал енді қазекемнің өзгеге жайлы осынау мінезі өз тағдырына қалай әсер етуде?

Келесі әңгіме желісі осы тұрғыда өрбімек...
XS
SM
MD
LG