Астананың Есіл ауданындағы 2-соты судьясы Ақболат Құрмантаев Қазақстан журналистер одағы төрағасы, ұлттық баспасөз клубы президенті Сейітқазы Матаевты - 6 жылға, оның ұлы, ҚазТАГ ақпарат агенттігінің жетекшісі Әсет Матаевты 5 жылға соттауға үкім етті.
Айыптаушы тарап «Қаржы жымқырды» және «салықтан жалтарды» деген айып тағылған Сейітқазы Матаевты 6 жыл 8 айға, ал Әсет Матаевты 6 жылға соттауды сұраған. Матаевтар сотта айыпты мойындамайтындарын айтқан.
ВИДЕО: Матаевтардың сотынан жасалған тікелей трансляция
Сейітқазы Матаев «Қазақстан журналистер одағы, ұлттық баспасөз клубы, ҚазТАГ ақпарат агенттігіне тексеру арқылы қысым жасаған адамдар» ретінде парламент мәжілісі төрағасы Нұрлан Нығматуллин мен антикоррупциялық агенттігінің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы басшысы Талғат Татубаевты атаған еді. Ол азаматтар бұл сөзбен келіспейтіндерін хабарлаған.
Оқи отырыңыз: Нығматуллин мен Татубаев Матаевтың сөзін жоққа шығарды
AzattyqLIVE хабары әкелі-балалы Матаевтар ісінің жай-жапсарын «Дат» газеттер жобасының жетекшісі, журналист Ермұрат Бапимен талқылады.