Сәуірдің 17-сі күні Алматы қаласында оныншы рет өткізілген еңбек жәрмеңкесін Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті мен Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
"Бұрын университет ауқымында ғана өткізіліп жүрген шағын іс-шара қалалық масштабтағы жәрмеңкеге айналды. Жәрмеңкеге Қазақстанның барлық банктері, «Эйр Астана», «Карлсберг Қазақстан», «Алтынсу» компаниялары, «Базис А» корпорациясы, «Сымбат» сән академиясы, «Қазгидромет» кәсіпорны сияқты қаладағы көптеген ірі жұмыс берушілер қатысып, бос жұмыс орындарын ұсынды. Қазір жәрмеңке қарқын алып, жұмыс іздегендердің көбі жұмысқа орналасып жатыр" дейді жәрмеңкені ұйымдастырушы, Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетінің карьера орталығының бастығы Назым Арзымбетова Азаттық тілшісіне.
СҰРАНЫС
Ұйымдастырушылардың дерегі бойынша, былтыр еңбек жәрмеңкесіне келген жұрттың 93 пайызы жұмысқа орналасқан. Ал биыл келгендердің көбі құр қайтқанымен, түйіндемелерін қалдырып жатты.
Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетінің төртінші курс студенті Асылбек Күздебаев «межеленбеген (нормаланбаған) еңбекті ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқиды. Ол жәрмеңкеден мамандығына сай жұмыс таппай қайтты.
"Әзірше менің мамандығым бойынша Қазақстанда жұмыс табу қиындау. Факультет жуырда ғана ашылған, әрі жұмыс орны да аз. Келешекте мамандығым бойынша жұмыс табамын деп үміттенемін. Бүгін өткен жәрмеңкеде көбіне туризм мен банк саласында бос орындар болды" дейді Асылбек Күздебаев Азаттық тілшісіне.
Қазақ-түрік колледжінің түлегі, бухгалтер немесе бухгалтердің көмекшісі жұмысын іздеп жүрген Әсел Әбілғазинова да ыңғайлы жұмыс берушіні жолықтырмай қайтты.
ҰСЫНЫС
Қызметкер іріктеумен айналысатын «Телеконтакт» компаниясының менеджері Жазира Сейдінованың айтуынша, компания негізінен тәжік, өзбек және қырғыз тілдерін жетік білетін адамдарды жұмысқа қабылдайды. Компания call-орталықтарға қызмет көрсетумен айналысады.
"Біздегі кесімді жалақы – 50 мың теңге, әрі әр нақты жобаға байланысты тағайындалады. Бүгін 25-тен аса өтініш түсті, әуелі мониторинг жасап, кейін жұмысқа шақырамыз" дейді менеджер Жазира Сейдінова Азаттық тілшісіне.
Халықаралық және ішкі жүк тасымалымен айналысатын "Aramex Kazakhstan" халықаралық компаниясының Қазақстанда жұмыс істегеніне екі жыл болған. Жәрмеңкеде бұл компанияға жұмысқа орналасқысы келетіндер көп болды.
"Бүгін жолыққан жүзден аса адамның көбі ерлер. Үміткер көп, қызметкерлерді әңгіме өткізгеннен кейін іріктеп аламыз" дейді компанияның кадрлар бөлімінің бастығы Дидар Оразбай Азаттық тілшісіне.
Жәрмеңкеде оқуын жалғастырғысы келетіндер үшін де ақпарат таратылды. Қазақстан ұлттық банкі магистратура директорының орынбасары Ирина Урясованың Азаттық тілшісіне айтуынша, жәрмеңке басталған жарты сағат ішінде 18 адам грант алуға өтініш берген.
"Қазақстанда грант пен стипендияны ұлттық банк магистратурасы ғана береді. Сабақты банк қызметкерлері мен қаржылық қадағалау комитетінің өкілдері өткізеді. Қаржы саласы бойынша білімін тереңдеткісі келген дарынды жастарға 30 грант бөлінеді. Ал жылдық ақысы 1 миллион 150 мың теңге тұратын ақылы 30 орынға да адам қабылдаймыз" дейді Ирина Урясова Азаттық тілшісіне.
Биыл еңбек жәрмеңкесіне 70 жұмыс беруші қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 пайыз көп.