Тараздан шығысқа қарай 50 километрдей жердегі Ақыртас сарай кешені 2014 жылы ЮНЕСКО тізіміне алынды. Содан беріде Ақшолақ темір жол станциясынан Ақыртасқа апаратын бірнеше шақырымдық жолға асфальт төселді. Белсенді түрде қызмет көрсетпесе де ескерткіш маңынан музейге арналған ғимарат салынды.
Сарай кешені таудан аққан су алмайтындай қырат үстіне салынған. Қалашықтың құрылысы аяқталмаған деп есептеледі. Тау бөктеріндегі қалашық орнынан қыштан жасалған құбырлар да табылған. Ақыртастың бірнеше қақпасы арасын дәліз-көшелер жалғастырып жатыр.
Ескерткіштің нақты тарихы туралы толымды дерек аз. Кейбір зерттеушілер сарай кешенін ғибадатхана болуы мүмкін деп болжайды. Қалашықтың орналасу тәртібі Таяу Шығыстағы кейбір көне қалалардың жобасына ұқсайды.
Ақыртас маңынан Батыс Қытай - Батыс Еуропа тас жолы және темір жолы желісі өтеді. Бұл археологиялық кешен World list - tourist attraction - Әлемдегі туристік тартымды нысандар тізіміне де енгізілген. Тұрар Рысқұлов ауданы, Жамбыл облысы. Сәуір, 2019 жыл.

ПІКІРЛЕР