ҰБТ және түлектерді осы тест емтиханға дайындау мәселесі Қазақстанда қалай жолға қойылған? Тест сұрақтарындағы жылда қайталанып жүрген кейбір келіспеушіліктерге кім жауапты? ҰБТ сынағы кезінде тексеру шараларының әр аймақта әрқалай болуына не себеп? ҰБТ-ға дайындық орта мектептегі сынақтан тыс өзге пәндерге кедергі келтірмей ме?
Осы және өзге де сауалдарға сарапшы, EdTech халықаралық білім орталығының жетекшісі Ғани Бейсембаев жауап берді.