Қалааралық пойыз екі бағытта жүретін болды. Бірінші бағыт Алматы-2 вокзалынан Қазыбек бек теміржол бекетіне дейін болса, екінші бағыт Алматы-1 вокзалынан Қапшағай қаласына дейін. «Тұран экспресс» жолаушылар компаниясы директорының орынбасары Ерсін Сабырханов: "Алматы-1 мен Қапшағай қаласының аралығына жүретін пойызды вагондарымен қосып Эстониядан әкелдік. Ол пойыз дизельмен жүреді. Ал мына вагондарды Қытайдан лизингпен сатып алдық. 2010 жылы құрастырылған" дейді.