Вашингтонда тұңғыш ғарыш саяхатшысы, миллионер Деннис Тито Марсқа саяхат жасау жоспарын таныстырды. Ол 2018 жылы аспан денелері қолайлы орбитаға жылжыған тұста қызыл ғаламшарға ер мен әйелді (бәлкім, ерлі-зайыпты жұпты) аттандырмақ.
501 КҮНГЕ СОЗЫЛАТЫН САЯХАТ
«2018 жылы қаңтар айында аспан денелерінің қолайлы орбитада орналасқан сәтін пайдаланып, аппарат Марс төңірегінде ұшады. Салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде, 501 күнде Жерге оралады. Мұндай мүмкіндік бұдан кейін тек 2031 жылы ғана болады» деп жазды The Guardian.
Басылымның жазуынша, Тито Марсқа ұшу жобасын тек 2014 жылға дейін қаржыландыруды көздеп отыр. Ол қалған ақшаны жекелеген инвесторлар мен қорлар арқылы, әсіресе АҚШ-тың НАСА ұлттық ғарыш агенттігіне деректерді сату арқылы табуға үміт етіп отыр.
«Уақыттан ұтылуға болмайды. Дәл қазір сәті келді» дейді Деннис Тито.
Басылымның жазуынша, Тито ғарыш сапарына дайындық жасайтын команда жасақтаған. Топ мүшелерінің арасында НАСА-ның бұрынғы хирургы, қазір Хьюстонда биомедициналық зерттеулер жөніндегі ұлттық ғарыш институтының кеңесшісі қызметін атқаратын Джонатан Кларк та бар.
НАСА сайтының редакторы Кейт Коуингтің (Keith Cowing) пікіріне сүйенген басылым "бұл талпыныстың өзге коммерциялық ғарыш компанияларынан айырмашылығы - оған әу баста-ақ көп қаржы жұмсалған" деп жазады.
"Жалғыз осы фактінің өзі-ақ күлкі шақырған бұл идеяны шындыққа айналдырады" дейді Кейт Коуинг.
МАРСҚА ҚОНБАЙ, ТЕК АЙНАЛАСЫНДА ҰШАДЫ
The Guardian-нің жазуынша, жоспар бойынша 2018 жылы 5 қаңтарда басталатын сапардың мақсаты - АҚШ-тағы бір әйел және бір ер адамды Марс бетіне 100 шақырым қашықтыққа дейін жеткізіп, Жерге қайта аман-сау оралту.
Жоспарланған траектория «еркін қайту» деп аталады. Ол ғарышқа енген саяхатшылар отырған кабинаны Марс айналасында шайқалта жүргізіп, қандай жағдай болса да Жерге оралуына мүмкіндік береді.
- Бұл оқиға адамзат ашқан жаңалықтардың ішіндегі ең елеулі саяхат болмақ. Арнайы зерттеу дайын аппарат көмегімен мұны жүзеге асыру мүмкін екенін көрсетті. Бұл - өте қолайсыз, бірақ мүмкін нәрсе, - дейді Ұлыбританиядағы ұлттық ғарыш академиясының директоры Ану Оха (Anu Ojha).
Тито жобаны жоспарлаған кезде жеке SpaceX компаниясының Dragon кемесі мен Falcon зымыранын қолдануды көздегенін айтқан.
Басылымның жазуынша, транзит кезінде астронавтар Жер атмосферасына енгенде ажырап кететін арнайы модуль пайдаланбақ. Саяхатшы жұп отыратын кабинаның үлкендігі іс жүзінде модульді есептемегенде "дәретхана көлеміндей-ақ" болады деп болжайды.
2018 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ЖОЙЫЛУЫ ТИІС КЕДЕРГІЛЕР
Мақала авторы команданың ірі кедергілерге тап болып отырғанын айтады. Атап айтқанда, адам ағзасының ғарыш кеңістігіне бейімделуі - күрделі мәселе. Салмақсыздыққа тап болған адам ағзасы салмағын күрт жоғалтпас үшін күн сайын арнайы аппаратпен жаттығу жасауына тура келеді. Бірақ ғарыш кемесінен мұндай аппаратқа орын табу - қиынның қиыны.
Оған қоса адам ағзасына кері әсер ететін зиянды сәулелер де бар.
«Негізінен түпсіз ғарыш кеңістігінің адам ағзасы мен миына қалай әсер ететіні белгісіз. Бірақ команда адам психикасының айналадағы проблемаларды қалай шешуге болатыны жайлы қажетті ақпараттармен қамтамасыз ете алады» деп жазады басылым.
Мамандар кезігіп отырған тағы бір қауіп-қатер - күн жарылыстары кезінде пайда болатын сәулелер. "Егер күн жарылысына кез болсаңыз, іс жүзінде ештеңе де істей алмайсыз" дейді Оха.
Басылымның жазуынша, көптеген сарапшылар сапардың сәтті не сәтсіз болуы - Титоның қаржыландыру деңгейіне тікелей байланысты деп есептейді. Ал Титоның өзі "сапар құны Жер орбитасына жақын аппарат ұшу құнымен пара-пар" деп ойлайды.
"Ашығын айтуға рұқсат етіңіздер. Бәлкім, бұл сапардан соң мен кедейлене түсермін. Бірақ менің немерелерім одан әсер алып, байи түспек" дейді Деннис Тито.