Accessibility links

Желтоқсандағы құрбандарды еске алу

Бүгін Алматы мен Астанада Желтоқсан оқиғасына қатысқандар мен қоғам белсенділері Желтоқсан оқиғасы мен Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алды. Жиналғандар Алматыда "Тәуелсіздік таңы" ескерткішіне, Астанада "Отан Ана" ескерткішіне гүл қойды. Алматыдағы рәсімге Желтоқсан оқиғасына қатысқандар, белсенділер және қала әкімі Бауыржан Байбек пен мәслихат депутаттары, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Ал Астанада ресми басшылық мұндай рәсім өткізбеді. Онда Желтоқсан оқиғасын қатысқандар мен қоғам белсенділері гүл шоғып қойып тарқады. Алматыдағы рәсімге қатысқан жүздеген адам оқиғада қаза болғандарды үнсіздікпен еске алып, құрбандар әруағына бағыштап құран оқыды.

1986 жылы 16 желтоқсанда Мәскеу тағайындаған Қазақ ССР басшысына келіспейтін адамдар қатысқан, соңынан билік күшпен басқан Желтоқсан оқиғасы болды. 1991 жылы осы күні Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Ал 2011 жылы 16 желтоқсанда еңбек дауынан туындаған Жаңаөзен оқиғасында ақысын талап еткендерді билік күшпен басты. Ресми билік Жаңаөзен оқиғасы туралы айтудан қашқақтайды. 17 желтоқсан, 2017 жыл.


XS
SM
MD
LG