Accessibility links

Теңгеде Жаңаөзен құрбандарын еске алды

Желтоқсанның 9-ы күні Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында алты жыл бұрын Жаңаөзенде мұнайшылар ереуілі кезінде алаңдағы жұртқа полиция оқ атқанда қаза тапқандарды еске алды. Марқұмдарға арнайы ас беріліп, құран бағыштады. Шараға Жаңаөзендегі қырғыннан қаза тапқандардың туыстары, сол оқиғадан зардап шеккендер мен қырғын куәгерлері және мұнайшылар қатысты.

2011 жылы желтоқсанның 16-сы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында полиция оғынан 16 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланған. Ертесінде жаңаөзендіктерді қолдаған тұрғындар темір жолдағы пойыздарды бөгемек болған Шетпе ауылындағы толқу кезінде тағы бір адам оққа ұшқан.

Кей қоғамдық белсенділер мен Жаңаөзен оқиғасының куәгерлері бейбіт халыққа оқ атуға бұйрық бергендер әлі күнге жауапқа тартылмады деп санайды.

XS
SM
MD
LG