Қызылордалық Мұхтар Ниязов пен алматылық Сара Тоқтамысова сахнада айтыстың екінші күні кездесті. Екі ақын да қоғамдағы өзекті мәселелерден гөрі Астананың сәулеті мен Қазақстанның жетістіктерін жырлауды жөн санады.
Айтысты бастаған Мұхтар Ниязов тәуелсіздік туралы былай деді:
– Дәл бүгін тәуелсіздік таңы атқан күн,
Тұлпардың құйрық-жалын таратқан күн.
Біздің елді көре алмас күншілдердің,
Армансыз қос санын сабатқан күн.
«Қазақ енді ел болмайды» дегендердің,
Ауызын күншығысқа қаратқан күн.
Сара Тоқтамысова да қарсыласынан қалыспай, "ертегідегідей күн санап өскен" Астана қаласына мадақ айтты:
– Зарығып жетіп бұл күнге,
Қайтардың бетін жаулардың.
Елорда тігіп еңселі,
Арқаға қоныс аудардың.
Ертегідегі баладай,
Күн санап өсіп өркендеп,
Көркейгеніңе таң қалдым.
Таң қалып және тәуба қып,
Тегеурінді қазағым,
Барысына Азияның,
Айналғаныңды аңғардым.
Айтыстың радио нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.