Accessibility links

Ресейді Қырыммен жалғайтын көпір

Керчь бұғазында салынып жатқан көпірдің автокөлікке арналған бөлігіне асфальт-бетон жабынын төсеп шыққан құрылысшылар енді жолдың бетіне жолақ белгілер сызуды бастады. Мамырдың екінші жартысынан бастап көпір арқылы жеңіл автокөліктер мен автобустар Қырымға қатынай бастайды деп жоспарланған. Ал жүк көліктері көпірмен 2018 жылдың күзінен бастап жүре бастамақ.

Ресми ақпарат бойынша, көпірдің автокөлік жүретін бөлігінің құрылысы аяқталуға жақын. Бұған қоса, теміржол қатынасына арналған бөлігінің құрылысы жалғасып жатыр.

Ресей 2014 жылы наурызда Қырым түбегін аннексиялап ала салысымен президент Владимир Путин Керчь бұғазы арқылы көпір салу туралы мәлімдеген.
Украина көпір құрылысын заңсыз деп санайды.

Азаттықтың Қырым редакциясының фотогалереясы.

XS
SM
MD
LG