Қазақстан мұсылмандары биыл Құрбан айтты екінші жыл коронавирус пандемиясы жағдайында атап өтті. Вирус кең тарап жатқан қызыл аймақтағы мешіттерде айт намазы оқылмады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирустан сақтану үшін діни шараны онлайн өткізуді ұсынды. Дегенмен, Нұр-Сұлтан іргесіндегі Қараөткел ауылының зейнеткер тұрғыны Шәймардан Қасен мен оның жұбайы Қанай Шолай сары аймақтағы өз үйлерінде қой сойып, құрбандық шалды.
ПІКІРЛЕР