Accessibility links

Путиннің пабы да, шыңы да бар


Бішкектегі Putin Pub бары жарнамасы.
Бішкектегі Putin Pub бары жарнамасы.

Ресейдің Қырғызстандағы елшісі Андрей Крутько Бішкектегі Putin Pub барының атын өзгерттіргісі келеді. Ресей президенті Владимир Путиннің есімі Қырғызстанның картасында да тұр.

Ресейдің Қырғызстандағы елшісі Андрей Крутько Бішкектегі бардың Putin Pub деп аталғанына наразы екенін жергілікті «Вечерний Бишкек» газетінде өткен «тікелей желі» кезінде мәлімдеді.

Елші ол барда болмағанын, бірақ Бішкекте сол орынның жарнамасын көргенін айтқан. Ол ішімдік ішетін орын Ресейдің бірінші президенті Борис Ельциннің есімімен аталған болса, мекеме атауына назар аудармасын сөз еткен. Дипломаттың пікірінше, барға Ресей президентінің есімін қоймай тұрып Кремльдің хаттама қызметінен рұқсат сұрау керек еді.

Путин шыңына ілінген Ресей мен Қырғызстан туралы. Қырғызстан, 17 қыркүйек 2012 жыл.
Путин шыңына ілінген Ресей мен Қырғызстан туралы. Қырғызстан, 17 қыркүйек 2012 жыл.

Ал қырғыз топонимикасына президент Владимир Путиннің аты әлдеқашан іліккен. Тянь-Шаньдегі шыңдардың біріне оның есімі қойылған. Бұл бастаманы көтерген аудандық депутаттардың ұсыныстары заң жобасына ұласып, оны республика парламенті 2011 жылы мақұлдаған.

Қырғызстанда Путиннің есімін шыңға берумен іс біткен жоқ. Биыл қырғыз режиссері Нұрлан Әбдіқадыров ел президенті Алмазбек Атамбаевқа Бішкектегі бір көшені Владимир Путиннің атымен атау жайлы ұсыныс айтқан.

Бішкекте ондай көше әзірше жоқ, бірақ Ресей елшісі Андрей Крутько атауын өзгертуге күш салатынын мәлімдеген Putin Pub бар. Азаттықтың Қырғыз қызметінің дерегінше, Бішкек билігі Putin Pub-тың жарнама тақтасын этика нормасын және «Жарнама туралы» заңды бұзғаны үшін алып тастаған.

XS
SM
MD
LG