Accessibility links

Януковичтің тұрмысын көргендер суреттерін жариялады


Януковичтің резиденциясы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:03 0:00

ВИДЕО: Виктор Януковичтің «Межигорье» резиденциясы. 22 ақпан 2014 жыл.

Үкіметке қарсы шеруге қатысушылар мен журналистер Киев түбіндегі президент резиденциясын аралап көрді. Виктор Януковичтің қайда екендігі белгісіз.

Виктор Януковичтің Киев маңындағы «Межигорье» атты резиденциясының суреттері ақпанның 22-інен бастап әлеуметтік желілер арқылы интернетте тарай бастады. Бұл күні Украина президентінің қала сыртындағы үйін тамашалауға жүздеген адам келіп кетті. Олардың арасында «Еуромайдан» белсенділері, блогерлер мен журналистер болды.

«Межигорье» резиденциясында болған белсенділер бұл жерді «Янукдиснейленд» деп атады.

Мұнда келгендердің кейбіреуі саябақта серуендеп бой жазса...


... ...өзгелері гольф ойнағанды жөн көрді..


Енді біреулер резиденциядағы зообақты тамашалап, қарсыластары мемлекеттік билікті қарақан басы мен маңайына жиған адамдарды байытуға пайдаланды деп кінәлайтын президенттің қандай аң-құсты ұстауға құмар екенін көздерімен көрді:



Резиденцияға келгендер осы жерде болғандарын дәлелдейтін суретке түсіп қалғысы келді..:


«Президент болу үшін не керек?» деген сұрақ қойған @euromaidan есімді қолданушы оған өзі: «біріншіден, кеме керек» деп жауап береді.


«Межигорье» резиденциясында болғандардың бірі Януковичтің гаражындағы өзі көрген автомобильдер мен мотоцильдердің суреттерін интернетте жариялапты.:


Тіпті президенттің саунасына да енді еркін кіруге болады:


Мақаланы әзірлеуге Кэтлин Мур қатысты.
XS
SM
MD
LG