Accessibility links

АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді


Роман Ротенберг (сол жақта) Ресей президенті Владимир Путинмен селфи жасап тұр. Сырт жағында тұрған – ресейлік миллиардер Геннадий Тимченко. Тимченко мен Ротенбергті АҚШ қаржы министрлігі «қара тізімге» енгізді.
Роман Ротенберг (сол жақта) Ресей президенті Владимир Путинмен селфи жасап тұр. Сырт жағында тұрған – ресейлік миллиардер Геннадий Тимченко. Тимченко мен Ротенбергті АҚШ қаржы министрлігі «қара тізімге» енгізді.

АҚШ Украинадағы дағдарысқа қатысты Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізді. Тізімге енгізілгендер арасында бұрынғы украиналық шенеуніктер, ресейлік миллардер және Қырымдағы теңіз порттарына иелік ететін компаниялар бар.

АҚШ қаржы министрлігі шілденің 30-ы күні Украинадағы дағдарысқа қатысты «қара тізімге» 26 адам мен ұйымдар енгізілгені және АҚШ территориясындағы олардың мүлкіне арест салынатынын мәлімдеді. Сонымен бірге бұл санция АҚШ азаматтарына санкциялық тізімге алынғандармен бизнес жасауға тыйым салады.

АҚШ қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау жөніндегі департаменті директоры Джон Смиттің сөзінше, бұл шешім «халықаралық нормаларды бұзып, Украинада жанжал өршіткені үшін Ресейге қарсы қысым батыл түрде жалғаса беретінін» білдіреді.

Сегіз компания мен ұйым ресейлік газ олигархы Геннадий Тимченкоға қолдау көрсеткені үшін «қара тізімге» енгізіліп отыр. Бұған дейін Тимченконың өзі Мәскеу Қырымды аннексиялап алған соң санкция тізіміне енген.

Тағы екі компанияға Ресей президенті Владимир Путиннің серігі бизнесмен Борис Ротенбергпен байланыстары үшін санкция салынып отыр. Сонымен бірге «қара тізімдегілер» арасында Борис Ротенбергтің ұлы Роман да бар.

Украинаның биліктен қуылған экс-президенті Виктор Янукович (оң жақта) ұлы Александрмен. Сәуір, 2010 жыл.
Украинаның биліктен қуылған экс-президенті Виктор Янукович (оң жақта) ұлы Александрмен. Сәуір, 2010 жыл.

Бұдан өзге, АҚШ коррупциялық және демократия негізіне қарсы іс-әрекеттері үшін айыптап отырған бұрынғы украиналық бес шенеунік те «қара тізімге» алынған. Бұл адамдар Украинаның экс-президенті Виктор Януковичтің төңірегінде болғандар. Олардың төртеуіне – Андрей Клюев, Сергей Курченко, Эдуард Ставицкий және Украина экс-президентінің ұлы Александр Януковичке бұған дейін Еуропа Одағы санкция салған. Виктор Януковичтің өзі Украинадағы жаппай наразылықтан соң Ресейге қашып кеткен.

Сонымен қатар, АҚШ-тың бұл жолғы санкциясы Қырымдағы теңіз порттарының бес оператор-компания мен түбекке паром тасымалы қызметін көрсететін бір компанияға да салынып отыр. Ресей мемлекеттік «Внешэкономбанк» пен «Роснефть» компаниясының бірнеше еншілес ұйымын да АҚШ «қара тізімге» енгізген.

XS
SM
MD
LG