Accessibility links

«Норвегиядағы 150 мыңдай мұсылман бейбіт тұрып жатқан»


Махмут Башташ, Норвегиядағы қазақ мәдени орталығының жетекшісі. 27 шілде 2011 жыл.
Махмут Башташ, Норвегиядағы қазақ мәдени орталығының жетекшісі. 27 шілде 2011 жыл.

Норвегияда тұратын қазақ «өткен жұма күні осы елде болған қанды қырғынға халық наразы болып отыр» дейді.

Ослодағы оқиға бейбіт ел атанып келген еуропалық мемлекетті дүр сілкіндірді. Кемінде 76 адамның өмірін қиған екі бірдей шабуылды жалғыз өзім жасадым деген норвегиялықтың үстінен іс қозғалып, сот жүріп жатыр.

Норвегияда мұсылмандардың көбейіп кеткеніне наразы 32 жастағы күдікті Андерс Брейвик шабуылды жасауға ұзақ жылдар дайындалғанын айтады.

Азаттық радиосы Осло қаласында тұратын қазақ азаматы, Норвегиядағы қазақ мәдени орталығының басшысы Махмут Башташпен тілдесіп, Норвегиядағы шабуылдар мен оның салдары туралы сұқбаттасты.

Махмут Башташ 150 мыңдай мұсылманы бар Норвегияда мұсылмандарға көзқарас дұрыс еді дейді.

- Норвегияның халқы негізі жуас болатын. Олар шетелден келген, танымағандармен араласпаса да, шетелдіктерге көп зияны жоқ болатын. Енді олардың ішінде шетелден келгендерге, мұсылмандарға қарсы бір-екі жүздей адам болды. Бірақ оларды қолдайтындар көп емес, - дейді норвегиялық қазақ.

Норвегия астанасында 32 жылдан бері тұрып келе жатқан Махмут Башташ бұл шабуылдардың ел тарихында бұрын-соңды болмаған қырғын екенін айтты. Оның айтуынша, Брейвиктің Утоядағы атысынан қаза болғандар саны артуы мүмкін - себебі атыстан қорғанып, суға қашқан 20 шақты адам әлі табылмай жатыр. Құрбан болған жастар тізімінде мұсылман қыздардың есімдері де аталып отыр.

Норвегиялық қазақ Махмут Башташ мырзамен сұқбатты тыңдаңыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:06:30 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG