Орталық Азия мен Кавказ және Таяу Шығыстағы миллиондаған адам жыл басы - көктемгі күн мен түннің теңелуі ретінде танылған Наурыз мерекесін 21 наурыздан бастап тойлауға кірісіп кетті. БҰҰ Бас ассамблеясы 2010 жылы Албания, Ауғанстан, Әзербайжан Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Македония, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия және Үндістанның ұсынысымен 21 наурызды Халықаралық наурыз күні деп белгілеген. Ал Қазақстанда наурыз айының 21-23-і күндері тойланатын Наурыз мейрамы - ұлттық мереке.