Поляк консерваторлары екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер Польша жерінде салған лагерлерді «поляк лагерлері» деп атағандарды сотқа тартуды ұсынды.
Польша парламенті «поляк концлагері» немесе «поляк ажал лагері» деген терминді қолданған адамдарды бес жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы ұсынысты қарап жатыр.
НАМЫСҚА ТИЕТІН ТІРКЕС
Заң жобасы авторларының бірі Дариуш Пионтковски (Dariusz Piontkowski) бұл сөз тіркесін «поляк халқының намысына тиеді», «тарихи шындықты бұрмалайды» деп бағалайды. Бастамашыл топ поляктардың бұл сөзді «намысқа тиетін, теріс тіркес ретінде түсінетінін» айтып, одан құтылуды көздейді.
Польшадан тыс жерде журналистер мен қоғам қайраткерлері Гитлердің фашистік режимі салған Польшадағы лагерлерді сипаттаған кезде «поляк концлагері» деген тіркесті жиі қолданады.
Польшаның сыртқы істер министрлігі 2012 жылы осы тіркестің 130 рет қолданылғанын анықтады.
Барак Обама да бұл тіркесті айтып қалып, поляктардың наразылығын тудырды. АҚШ президенті бұл сөзді 2012 жылы екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан поляк азаматын марапаттау кезінде айтқан.
Обама артынан жылдам кешірім сұрап, «аңсаусызда қателескенін» мәлімдеді.
ПЕТИЦИЯ
Белсенділер Twitter бетінде журналистерді «поляк лагері» деген тіркесті қолданбауға, «орынды сөйлеуге» шақырады. Аталған тіркесті қолданбауға шақырған онлайн-петиция 300 мыңнан астам қол жинаған. Поляк-америкалық Kosciuszko Foundation қоры бастаған петицияға Польша президенті Бронислав Комаровский мен бұрынғы президент Лех Валенса да қол қойған.
Бірақ фашистердің лагерін «поляк лагері» деп атағандарды түрмеге қамау мүмкін бе? Польша әділет министрі Михаил Кроликовский бұл ұсынысты сынап, «халықаралық құқық шетелдіктерді жазалауға мүмкіндік бермейді» деді.
Бұл бастаманы сынаушылар қатарында депутаттар да бар. Олар «шетелдіктердің көбі, оның ішінде Обама да «поляктардың ажал лагері» деген тіркесті қасақана қолданбайды» деген уәж айтады.
Поляк прокурорлары германиялық баспа Axel Springer-ге қарсы іс қозғаудан бас тартты. Баспаға қарайтын Die Welt басылымының журналисі мақаласында осы тіркесті қолданған еді.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер Польша аумағына алты лагерь салды. Олар Чельмно, Бельзек, Треблинка, Собибор, Майданек және Аушвиц-Биркенау қалаларында орналасты.
Еуропада қоныстанған еврейлердің үштен екісі – шамаман алты миллион адам Холокост кезінде опат болды. Олардың жартысы Польшадағы лагерлерде қаза тапқан. Арасында совет жауынгерлері, сығандар мен мүгедектер, диссиденттер және гомосексуалдар бар.
(Клэр Бигтің мақаласын ағылшын тілінен аударған- Динара Әлімжан)