Accessibility links

Донецк әкімшілігін ресейшілдер басып алды


Донецк әкімшілігін ресейшілдер басып алды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:14 0:00

Украинаның Донецк қаласында 6 сәуірде ресейшіл белсенділер облыс әкімшілігін басып алды. Бұл күні Украинаның шығысындағы үш қалада ресейшілдер шерулері өтті. Елдегі екінші үлкен қала – Харьковте демонстранттар жергілікті әкімшілік үйіне баса-көктеп кірді. Луганскіде Украина қауіпсіздік қызметінің облыстық басқармасына тас лақтырып, есігін бұзып кірген топ ғимараттың төбесіне Ресей туын тікті. Олар билікке аймақты Ресейге қосу туралы референдум өткізу туралы талап қойды. Тәртіпсіздіктерге байланысты Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов Литваға жоспарлаған сапарын тоқтатты. Ішкі істер министрі Арсен Аваков Ресей президенті Владимир Путин мен Украинаның биліктен тайдырылған бұрынғы президенті Виктор Януковичті елдің шығысындағы «сепаратистік іс-әрекеттерге дем беріп отыр» деп айыптады.

XS
SM
MD
LG