Accessibility links

Харьковта қираған ресейлік әскери техника. 28 ақпан 2022 жыл.
Харьковта қираған ресейлік әскери техника. 28 ақпан 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 24-28 ақпан арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

Ресейдің Украинаға басып кіргеніне төрт күннен асты. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде Украина қарулы күштері мен Ресей әскері арасында шайқас жүріп жатыр.

Украина жағы Ресейдің үш мыңнан астам әскери қызметкері қаза тапты дейді. Ресей 27 ақпан күні сарбаздарының опат болғанын алғаш рет мойындады, бірақ нақты санын айтпады. Украина сарбаздары арасында жүздеген адам опат болған, қаза тапқандар арасында бейбіт тұрғындар да бар.

АҚШ, Еуроодақ, Ұлыбритания және көптеген өзге ел Мәскеуге қарсы санкцияны күшейтіп жатыр. Еуроодақ елдері Украинаға шабуылдаушы ұшақтар беретін болды. Ресей президенті Владимир Путин Ресей ядролық қаруын арнайы тәртіпке көшіруді бұйырды.

Еуроодақ Ресей ұшақтарына әуе кеңістігін жауып, Кремльге жақын Sputnik және Russia Today бұқаралық ақпарат құралдарының Еуропа елдеріндегі жұмысына тыйым салмақ.

17:52 28.2.2022

Қазірге дейін не белгілі?

Азаттықтың жазбаша трансляциясына енді ғана қосылсаңыз, Украинадағы соғыстың бесінші күні не болып жатқанын қысқаша шолып шығыңыз:

  • Беларусьте Украина мен Ресей делегациясы арасында келіссөз басталды. Келіссөздегі талқы атысты тоқтатып, Ресей әскерін Украинадан шығару болмақ.
  • Украина тарапы Ресей Харьков қаласына шабуылдап жатқанын, "ондаған адам қаза тауып, жүздеген адам жараланғанын" хабарлады.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Еуропа одағынан Украинаны осы одаққа қабылдау процесін бастауды сұрады. Бұған қоса, ол Ресей әскерилерін қаруларын тастап, Украинадан кетуге шақырды.
  • Киевте бірнеше рет дабыл қағылды.
  • Ресейге салынған санкциялардан соң бір доллардың құны 100 рубльден асып кетті. Қазақстанда бір доллар 495 теңге болды.
  • Украина тарабы 5300 ресейлік әскери қаза тапты деп мәлімдеді. Мәскеу әскерилері қатарында қаза болғандар барын мойындағанымен, нақты санын жарияламай отыр.
  • БҰҰ есебінше, соғыс басталғалы 495 мың украиналық көрші елдерге босып кеткен.
17:39 28.2.2022

Харьковқа шабуыл жасалғаны хабарланды

Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко Харьков қаласы "Град" реактивті жүйесінен атқылауға ұшырап жатыр деп мәлімдеді. "Ондаған адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды" деп жазды ол.

Украинаның экс-инфраструктура министрі Владимир Емельян да твиттерде "Путин Харьковты "Градпен" атқылап жатыр" деп жазды.

16:24 28.2.2022

Мәскеу-Киев келіссөзі алдында Украина президенті мәлімдеме жасады

"Біз Еуропалық одақтан Украинаны Еуроодаққа жаңа арнайы процедура бойынша дереу қабылдауды сұраймыз. Одақтастарға жанымызда болғаны үшін алғыс білдіреміз. Бірақ біздің мақсатымыз – барлық еуропалықпен бірге және олармен тең болу. Мен мұның әділ екеніне сенімдімін. Мен мұның мүмкін екеніне сенімдімін.

Зеленский ресейлік әскерилерге "Не үшін келдіңдер мұнда? Брондалған техникадан тұратын колонналарыңыз неліктен біздің Қырымнан өзімізге шабуыл жасайды?... Техникаларыңды қалдырып, кетіңдер. Командирлеріңе сенбеңдер. Пропагандашыларыңызға сенбеңіздер. Кетіңдер" деді.

16:17 28.2.2022

Украинамен келіссөз жүргізуге келген Ресей делегациясының құрамы белгілі болды:

  • Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский
  • Ресейдің Беларусьтегі елшісі Борис Грызлов
  • Депутат Леонид Слуцкий
  • Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко
  • Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин

Делегацияны Мединский басқарады

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG