Путин: НАТО әскери күштерінің Ресей шекарасына жақын аумақта шоғырлануы қауіп төндіреді
"Технология, соның ішінде әскери технология жылдам өзгеріп жатыр. Бұл саладағы жетекшілік бір қолдан екінші қолға өтіп жатыр, өте береді де. Ал шекарамызға жақын аумақты әскери игеруге келсек, егер біз бұған жол берсек, онда олар ондаған жылға, бәлкім мәңгілікке сонда қалып қояды. Сөйтіп Ресейге әрдайым қауіп төндіріп тұрады, – деді Путин бейсенбі, 24 ақпан күнгі телеүндеуінде. – 2021 жылдың желтоқсанында біз АҚШ-пен және оның одақтастарымен Еуропадағы қауіпсіздік және НАТО-ның ұлғаймауы туралы келіссөз жүргізуге тағы да бір талпынып көрдік. Одан ештеңе шықпады".
Украина президенті Владимир Зеленский азаматтарды үрейленбеуге шақырды.
"Біз жұмыс істеп жатырмыз, армия жұмыс істеп жатыр, әскер жұмыс істеп жатыр" деді Зеленский. Ол халыққа оқтын-оқтын мәлімдеме жасап отыратынын айтты.
"Біз жеңеміз, күштіміз, біз – Украинамыз" деді ол.
Лю Сяоминг, Қытай үкіметінің Корея түбегі жөніндегі өкілі, Қытайдың Египеттегі, Солтүстік Кореядағы және Ұлыбританиядағы елшісі болған:
"Украинадағы қазіргі жағдай – түрлі факторлардың нәтижесі. Оған "Минск-2" келісімін іске асырудың созылып кетуі де әсер етті. Тараптар шегініс жасап, диалог, кеңес арқылы жағдайдың одан әрі ушығуының алдын алады деп үміттенеміз".
Киевте сиреналар ойнады
CNN арнасының тікелей эфирінен Киевте сиреналар ойнағаны көрінеді.
Арна тілшісінің айтуынша, нақты жағдайда қалаға қауіп төнді ме, әлде қала билігі халықты сақ болуға шақыру үшін сирена ойнатты ма, ол жағы белгісіз.
ПІКІРЛЕР