Украина және халықаралық басылымдар Ресей танкілерінің Киевке қарай жылжып бара жатқанын хабарлады. Украина армиясының бас штабы ақпаратты растады.
Anonymous хакерлер тобы Ресейге "кибер соғыс" жариялап, Russia Today сайтына жасалған шабуылды мойнына алды
Anonymous хакерлер тобы Украинаға әскери шабуыл жасап жатқаны үшін Ресей үкіметіне "кибер соғыс" жариялағанын мәлімдеді. Бұл туралы топтың Twitter желісіндегі аккаунтында айтылды.
"Anonymous ұжымы Ресейге ресми түрде соғыс жариялайды" деп жазылған мәлімдемеде.
Хакерлер сондай-ақ Кремльге жақын Russia Today телеарнасына жасалған кибер шабуылды өз мойнына алды.
Соның алдында Russia Today телеарнаға DDoS шабуыл жасалғанын айтқан.
Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба:
"Ресейдің Киевке жантүршігерлік зымыран соққылары. Соңғы рет астанамызда мұндай жағдай 1941 жылы фашистік Германия шабуылдағанда болған. Украина ол зұлымды жеңе білді, осыны да жеңеді. Путинді тоқтатып, Ресейді оқшаулап, онымен барлық байланысты үзу керек. Ресейді барлық жерден шығару қажет".
Axios: АҚШ Конгресі Ресейді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен шығаруға шақыратын қарар қабылдамақ
Axios басылымының хабарлауынша, Ресейді Украинаға басып кіргені үшін жазалауға шақыратын осы қарар Конгресс мүшелері арасында тарап жатыр. Басылым бұл қарардың іске асуы екіталай екенін, бірақ осы арқылы АҚШ заң шығарушы органы Ресейге қарсы шараларды қолдап отырғанын жазды.
ПІКІРЛЕР