Британиялық The Times басылымы Киевте Кремль тапсырмасын алған 400-ден астам Ресей жендеті жүргенін хабарлады. Басылымының жазуынша, оларға Украина президенті Владимир Зеленскийді, министрлер кабинеті мүшелерін өлтіріп, қаланы бақылауға алуға жағдай жасау тапсырылған. Путиннің жақын серігі басқаратын "Вагнер" әскери тобы бес апта бұрын Африкадан жіберілген делінген мақалада.
Украиналық "Униан" агенттігінің хабарлауынша, "Вагнер" тобы туралы ақпарат Украина билігіне сенбі, 26 ақпан күні мәлім болған. Осыдан кейін "қаланы ресейлік диверсанттардан тазарту үшін" Киевте 36 сағатқа комендант сағатын енгізген. Қала мэрі Виталий Кличко комендант сағатында көшеге шықпауға шақырып, көшеде жүргендер диверсант саналатынын айтты.
Вечерная Караганда: Қарағанды облысында интернет-провайдер Украинадағы соғысқа қарсылық ретінде Ресей каналдарын өшіріп тастады
"Құрметті абоненттер! Біз соғысқа және соғыс пропагандасына қарсымыз! Сол себепті біз "федералды" канал деп аталатын барлық Ресей арналарының орнына уақытша Хабар-24 арнасының эфирін береміз» деп келтіреді "Вечерная Караганда" газеті Шахтинскідегі Ремстройсервис дейтін теле және интернет-провайдердің хабарламасын келтіріп.
Украина делегациясы Ресей билігі өкілдерімен кездесу үшін Украина-Беларусь шекарасына келді. Келіссөзде Украинадан Ресей әскерін жылдам шығару және атысты тоқтату талқыланбақ.
Украина президенті Владимир Зеленский телеүндеу жасап, Еуропа одағына қайырылды.
"Еуропа одағынан тез арада Украинаны ЕО құрамына қабылдау үшін жаңа арнайы процедураны көп созбай бастауды сұраймыз. Серіктестерімізге бізді қолдағанына алғыс айтамыз, бірақ біздің мақсат – еуропалықтармен бірге болу және бастысы – олармен тең болу. Осылайша әділдік орнайтынына сенемін. Бұлай жасау мүмкін екеніне де сенемін" деді ол.
ПІКІРЛЕР