Украина президенті кеңсесінің өкілі Михаил Подоляк Киев пен Мәскеу арасындағы келіссөздің үшінші раунды басталғанын, келіссөз әлі аяқталмағанын хабарлады.
Ресейлік әскерилердің Харьков қаласын "Град" снарядтарымен атқылаған сәт.
Макрон Путиннен соғысты тоқтатуды тағы сұрады
Франция президенті Макрон Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы соғысты аяқтау мәселесін талқылады. Франция тарапы таратқан мәлімдемеде Макрон Путиннен бейбіт тұрғындарға, инфраструктураларға әуе соққылары мен басқа да шабуылдарды тоқтатуды сұрағаны жазылған.
Франция билігі "Путин бұл өтініштерді орындауға дайын екенін білдірді" деп мәлімдеді.
Бірақ Кремль таратқан мәлімдемеге сенсек, Путин Макронға Украина мәселесін шешу үшін мынандай талаптар қойған:
- Ресейдің Қырымдағы тәуелсіздігін мойындау;
- Украина мемлекетін "демилитиризациялау" және "ұлтшылдардан тазарту";
- Украинаның бейтарап статусын қамтамасыз ету.
Бұған дейін Путин мен Макрон бірнеше рет телефонмен сөйлесіп, Украинадағы жағдайды талқылаған.
Украина президенті Владимир Зеленский Украинаны Еуропа одағына қосылуға өтініш берді. Бұған дейін Зеленский Еуропа одағынан Украинаны одаққа қабылдауды жылдамдатуды сұраған.
ПІКІРЛЕР