Accessibility links

«Орда» фильміне татар көрермендері наразы


"Орда" фильмінің постері.
"Орда" фильмінің постері.
Қыркүйектің 20-сы күні Ресей кинотетрларында «Орда» атты тарихи фильмнің премьерасы өтпек. Бірақ кейбір көрермендер «көшпенді жұртты қатыгез әрі надан етіп суреттеген» деп бұл фильмді сынады.

Мамандар 12 миллион доллар жұмсалған «Орда» фильмінің премьерасына көрермен көп жиналады деп болжаған еді. Бірақ 13–15-ғасырларда Еуразия құрлығының басым бөлігін уысында ұстаған Моңғол қағанатының бір ұлысы болған Алтын Орданың тұрмысын суреттейтін «Орда» фильмін көруге елдің бәрі сондай ынтық емес.

«СОВЕТТІК ЖАМАН ДӘСТҮРДІҢ САРҚЫНШАҒЫ»

Киноға теріс баға берушілердің көбі – кезінде Шыңғыс ханның әскеріне қосылып, кейін Алтын Орданы құруға жәрдемдескен көшпенділердің бүгінгі ұрпақтары саналатын ресейлік 6 миллион татар қауымынан.

– Ресейдің православие шіркеуі мен ондағы діни өкілдердің өмірін керемет етіп көрсететін көптеген фильмдерді түсіруге жәрдемдескен «Православная энциклопедия» компаниясы «Орда» фильміне де қаржылай көмек көрсеткен. Бұл кинода Алтын Орда тәртіп-жүйемен емес, тек қатыгездікпен, ашкөздікпен,
"Орда" фильмін түсіру сәті.
"Орда" фильмін түсіру сәті.
надандықпен басқарылған империя сияқты жалған суреттелген, – дейді фильмді сынаушылар.

Киноға көңілі толмаған адамдардың арасында фильмді түсіру кезінде кеңес берген ғалымдар да бар.

«Православная энциклопедия» компаниясы Алтын Орда тарихын зерттеуші ғалым Вадим Рудаковты 2009 жылы маусым айында фильмге кеңесші етіп жалдаған.

Рудаков бірінші жиналыстан соң «фильмде көшпенділерге бағынған Ресей олардың сеніміне ие болып, аймақтық мемлекет құруға, хат-хабар таситын байланыс жолдарын орнатуға, халық санағын жүргізіп, әскери бөлімдер жасақтауға мүмкіндік алғанын шындықтан ауытқымай суреттейтін болар» деген оймен риза боп қайтқан.

Бірақ сценарий жазылып болғанда Рудаковтың көңілі су сепкендей басылған. Ол тарихи шындықтар жайлы ұсыныстары өтпей қалғанын, «фильмде көшпенділерді шектен тыс төмендетіп жібергенін» айтты.

– Кейбірін жағымды етіп түсіргенімен, негізінен олар қатыгез, қанішер, жауыз, ашкөз адамдар сияқты әсер қалдырады. Тіпті олардың әзіл-қалжыңдары да тым
Тарихшы Вадим Рудаков.
Тарихшы Вадим Рудаков.
тұрпайы әрі мағынасыз. Осының бәрі – татар-моңғолдар мен көшпенділерді жағымсыз қырынан түсіретін бұрынғы советтік кинолардан қалған ең жаман дәстүрлердің сарқыншағы, – деді ғалым Вадим Рудаков Азаттық тілшісіне.

Ресейдің шет аймағындағы Астрахан қаласы кезінде Алтын Орданың Сарай-Бату деп аталатын астанасы болған. Көне қаланы үлкен қажыр-қайратпен қайта салып, кинода көрсету көптеген көрерменді фильмді көруге қызықтыратын сияқты.

Бірақ Астрахан тарихына байланысты ақыл-кеңес берген Вадим Рудаков:

– Фильмде сол кездегі қаланың архитектурасын, адамдардың киімін, сол замандағы әдет-ғұрыптарды сомдағанда Алтын Орданың өзіне тән ерекшеліктерін ескермей, бұрыннан қалыптасып қалған шығыстық үлгідегі қаланы пішіндеп, өз білгендерін жасаған, – деп наразы болды.

«Орда» Ресейдің моңғолға қатысты түп тамырын қаралап, «Моңғол басқыншылығын» тоқтатуда христиан дінінің ролі зор болды» деген пікірді насихаттағысы келеді. Фильмдегі кейіпкердің бірі митрополит Алексейді 14-ғасырда моңғол-татар шабуылынан Мәскеуді қорғап қалатын тұлға етіп сомдалған» дейді фильмге сын айтқан мамандар.

«БҰЛ – ЖАЙ ҒАНА АТЫС-ШАБЫС КИНО»

Фильмнің оқиғасы 14-ғасырдың ортасында, Алтын Ордада өтеді. Анасы Тайдула соқыр болып қалған соң Жәнібек хан Киев және Бүкіл Русь митрополиті, шипагерлігімен атағы жайылған Алексийді шақыртады. Хан «Алексий анасын емдеп жазса сый-құрметке бөлейтінін, емдей алмаса Мәскеу князьдығын өртеп жіберетінін» айтады.

Фильм режиссері Андрей Прошкиннің сөзіне қарағанда, «бұл – Алтын Орданың шынайы
Андрей Прошкин, режиссер.
Андрей Прошкин, режиссер.
тұрмыс-тіршілігін суреттеуге арналмаған, жай ғана тарихи атыс-шабысқа құрылған кино».

– Бұл кино татарлардың отаны, Ресейдің мұсылмандар көп тұратын әрі біршама дамыған Татарстан республикасындағы көрерменнің көбінің көңіліне тиетін сияқты. Татарстанда фильмге қарсы қандай реакция болатынын алдын ала кесіп айту қиын. Шамасы көп жұрт ренжитін сияқты, – дейді ол.

Осындай дау-жанжалға қарамастан, «Орда» фильмі ә дегеннен-ақ мақтауға ілікті. Өткен жаздағы Мәскеу кино фестивалінде Андрей Прошкинге «ең мықты кинорежиссер», ал актриса Роза Хайрулинаға «ең мықты актриса» атағы берілді.

«Орда» фильмінің жарыққа шығуы Кремльдің мәдениет саласын пайдаланып, үкіметтің ұлттық мүддені күшейту үшін кино өндірісіне қатты мән беріп жатқан науқанына сәйкес келді. Ресейдің мәдениет министрі Владимир Мединский осы
"Орда" фильмінің декорациясы.
"Орда" фильмінің декорациясы.
аптада «министрлік қаржылық көмекті іріктеп қана береді, Ресей жерінде түсірілген кинолар мен мазмұнын үкімет мақұлдаған киноларды ғана салықтан босатады» деп мәлімдеді.

Бұл фильм Мәскеу мен Татарстан арасындағы қарым-қатынастың әбден шиеленіскен сәтінде жарыққа шығып отыр. Татарстан Кремльді «азшылық ұлттың тілін, мұсылман дінін шектеуге тырысып жатыр» деп айыптайды.

Татар тарихшысы және жазушысы Вахит Имамов «Орда» және ертеректе түсірілген «Кемеңгер Ярослав» фильмдері Кремльдің мәдениет саласын Ресейдің славяндық және христиандық имиджін қалыптастыру үшін қолданып отырған ықпалының бір қатпары деп есептейді.

– Орыстар өздерін ұдайы ең өркениетті халық етіп көрсетуге тырысады. Басқа ұлттардың «Кемеңгер Ярослав» сияқты киноларды қабылдай қоюы екіталай. Олар татарларды шикі ет жеп, үнемі көшіп-қонып жүретін жабайы тайпа етіп көрсетеді. Ең өкініштісі, татарлар не болмаса татар үкіметі өздері жайлы кино түсіріп, осыған қарсы ешқандай әрекет жасап жатқан жоқ, – дейді тарихшы Вахит Имамов.

«Орда» фильмінде (сценарист – Юрий Арабов, режиссер – Андрей Прошкин) басты рольдерді Максим Суханов, Роза Хайруллина, Александр Яценко және якут артистері Иннокентий Дакаяров пен Федот Львов ойнаған.
XS
SM
MD
LG