Дмитрий Киселевті жұрт сыңаржақ, өз сөзіне өзі қайшы келіп жүретін, Кремльге жағымпаз адам деп біледі.
YouTube сайтындағы бір бейнеклип Владимир Путин басқаратын Ресейде журналистердің қалай адам танымастай өзгеретінін баяндайды. 1999 жылы Путин билікке келіп жатқанда Дмитрий Киселев журналистика мен үгіт-насихаттың арасын ажырата алатын, аса беделді, принципшіл тележурналист болатын.
«Журналисті кәсіби этикадан бөліп қарауға болмайды. Бірақ телеарнадан сөйлейтіндердің барлығын журналист деуге келе бермейді. Себебі олардың көбі – жай насихатшылар ғана» деген еді сол кезде Киселев.
Арада 14 жыл өтті. Путин Кремльге мықтап орнықты. Президенттің бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі жаңа көмекшісі Дмитрий Киселев те журналистен гөрі насихатшыға ұқсап кетті.
– [Гейлердің] қан тапсыруына, ұрық доноры болуына тыйым салынуы керек. Мұндайлар көлік апатынан қаза тапса, жүректері басқалардың өмірін ұзартуға пайдаланылмай, өртелуі, не көмілуі керек, – деді ол.
ВИДЕО: Дмитрий Киселевтің бұрынғы және қазіргі көзқарасы
«КРЕМЛЬ ЭЛИТАСЫНЫҢ ҚАУПІ»
Желтоқсанның 9-ы күні 59 жастағы Дмитрий Киселев елдегі ең ірі ақпарат агенттігі – «РИА Новостидің» орнына жаңадан құрылған «Россия сегодня» медиахолдингінің басшысы болып тағайындалды.
110 миллион доллар тұратын «РИА Новости» президент Путиннің жарлығымен «шығындарды азайту мақсатында» желтоқсанның 10-ы күні жабылды.
Жергілікті бақылаушылар «РИА Новости» агенттігінің жабылуына бір таңғалса, Кремльдің саясатын мадақтап, Батысты жамандаумен әйгілі болған «Вести недели» хабарының жүргізушісі, мемлекеттік ВГТРК телерадиокорпорациясы директорының орынбасары Дмитрий Киселевтің жаңа медиа ұйымға басшылыққа тағайындалғанына және таңғалды.
Тележүргізуші Дмитрий Киселев қызметке тағайындалардан бір күн бұрын ғана Ресей басшылығы үрейлене бақылап отырған Украинадағы «Еуромайдан» шеруі жайлы тым сыңаржақ сараптама берген еді.
Кекесінге толы ащы комментарийлерімен әйгілі Киселев Украинадағы наразылықты «түкке тұрғысыз бос даурықпаға» балаған.
– Майдан деген не? Украинаның денесіндегі түймедей ғана дақ. Оны күйдірсең, ауырады. Бірақ дұрыс саяси технология қолданып, оны тым ұлғайтып, теледидар мен интернеттің көмегімен әсірелендіріп, «бүкіл Украинадағы жағдай осындай» деп сипаттаса, мұның соңы қиын болады. Іс жүзінде Украина Майданнан гөрі күрделірек, – деген ол өз хабарында.
Ресей билігі үшін Светлана Миронюктің басқаруымен Ресейдегі ең беделді ақпарат агенттігінің санатына қосылған «РИА Новостидің» орнын Киселевке босатып беру туралы шешімнің маңызы зор болғанға ұқсайды. Дәл қазір Кремль Украинадағы дүрбелең төңірегінде ақпараттық үстемдікке ұмтылып, ақпан айында Сочиде өтетін Олимпиада ойындарында ықпалын тіпті арттыруды көздеп отыр.
Ресей журналистер одағының бұрынғы төрағасы Игорь Яковенко Азаттыққа берген сұхбатында бұл жылдам тағайындау Кремль элитасында «жаппай үрей болмаса да, бір қауіптің бар екенін» аңғартатынын айтады.
– Бұл мүлде қате шешім болды. Тіпті ақылға қонымсыз десек те болады. Себебі Дмитрий Киселевқа тән үгіт-насихат стилі – қып-қызыл өтіріктің нақ өзі. Оның Майдан туралы айтқандары, Ресей оппозициясы туралы пікірлері – түгелімен шылғи өтірік, тіпті кейде көзбояушылық. Бұл тек цензура болғанда іске асады, себебі мұндай жағдайда ақпаратқа монополия орнайды, – дейді Игорь Яковенко.
РЕСЕЙДІҢ «ГЕББЕЛЬСІ»
Кремльдің түсіндіруіне қарағанда, жаңа құрылған ақпарат агенттігі Ресейдің саясатына қатысты әлемде қалыптасқан жаңсақ қоғамдық пікірді өзгертуді мақсат тұтады.
Путин қол қойған жарлықта «Россия сегодня» агенттігі шетелге «Ресейдің мемлекеттік саясаты мен қоғамдық өмірі туралы ақпарат тарату мақсатында құрылды» деп жазылған.
Ал «РИА Новости» агенттігі, керісінше, елдегі саяси жағдайға қарамастан, тәуелсіз ұстанымы бар, жылдам, объективті, шынайы хабар тарататын» агенттік ретінде танылған. «Голос России» радиоарналар желісі де таратылып, Киселев басқаратын агенттіктің құрамына кіргізілді.
Мемлекеттік телеарнадағы «даңқына» біраз жұрттың тіксіне қарайтынын сезгендей Дмитрий Киселев «РИА Новостидің» «оң нәтиже көрсеткен» қызметкерлерінің көбін жұмыста қалдыратынын айтты.
Дмитрий Киселевті нацистердің әйгілі насихатшысы Йозеф Геббельске теңеген Игорь Яковенко «ол басқаруға келген кез келген ақпарат агенттігі түбірімен өзгеріске ұшырайды» деп қауіп етеді.
– «РИА Новостидің» бас редакторы Светлана Миронюк пен Дмитрий Киселевтің билікке адалдығының сипаттары жер мен көктей. Миронюк – нағыз кәсіби журналист, ал Киселев Майдандағы оқиғаларды біржақты сипаттаудағы өлермендігі үшін «Оскар» сыйлығын алып, ертеңінде өте үлкен медиахолдингтің басшысы бола қалды. Бұл оқиғалардың арасында байланыс бар, – дейді Игорь Яковенко.
Азаттық тілшісі Дейзи Синделардың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.

Дмитрий Киселев «РИА Новостидің» «оң нәтиже көрсеткен» қызметкерлерінің көбін жұмыста қалдыратынын айтты.