Мәскеуліктер ауырған құстарды «зомби кептерлер» деп атайды. Тұрғындар кептердің (көгершіннің) қырылуынан қауіптене бастаған.
«ЗОМБИ КЕПТЕРЛЕР»
Өткен аптада Мәскеу тұрғындары өліп жатқан құстардың көбейгенін байқаған.
Умид есімді тұрғынның айтуынша, «Кептер - жаратылысынан ширақ құс. Бірақ соңғы кезде ол әдетінен жаңылған сияқты».
- Жұмысқа бара жатқанда кептерлер адамдарды айналып, жүгіріп-секіріп жүретін. Соңғы уақытта ештеңеге елең етпейтін болып алды. Қасына барсаң, ұшып кететін. Қазір тіпті сізге мән беріп қарамайды. Кейбір кептерлер өзін-өзі шыр айналып, ерсі әрекеттер жасайды, - дейді ол.
Кептерлерге келген нәубетті мәскеуліктердің көбі байқаған. Әлеуметтік желілердегі парақшаларына «зомби құстардың» суретін іліп қойғандар да бар. Бір Twitter қолданушы сырқат кептердің қалбалақтап келіп, ас үйдің терезесінен үйге құлағанын, кешкі астарының берекесі қашқанын жазады. Енді бір азамат «Көшеде бүкірейіп отырған құсты көрдім, тұмсығы жерге тиіп тұр» деп жазады.
Ветеринарлар мен орнитологтар кептерлердің індетке шалдыққанын растады. Мәскеудегі «Зеленый попугай» құс емханасының ветеринары Наталья Анисимова соңғы аптада кеселге шалдыққан ондаған құсты көргенін айтып:
- Инфекцияның түрі көп, әр кезде жаңа түрі шығып отырады - кейде бактериялық жұқпа немесе орнитоз, сальмонеллез не Ньюкасл сырқаты түрінде келеді. Инфекцияны құстар бір-біріне жақындағанда немесе ауа арқылы жұқтырады, - дейді.
Ресейдің мемлекеттік ветеринария қызметі - «Россельхознадзор» тамыздың 14-і күні кептерлерден Ньюкасл сырқаты мен сальмонеллез ауруы табылғанын растады. Мәскеуде сырқаттың адамдарға жұғуы мүмкін деген қауіп бар. Кейбір құс инфекциясы, мысалы орнитоз бен Ньюкасл сырқаты (бұған шалдыққан құстар тәлтіректеп, шыр айналып жүреді, басын жоғары-төмен шайқайды) адамдарға да жұғуы мүмкін, бірақ адам өміріне қауіп төндіретін кезі сирек.
«КӨГЕРШІН - ЛАС, АҚЫМАҚ ҚҰС»
Ресейдің бас санитар маманы Геннадий Онищенко «алаңдауға себеп жоқ» деп мәлімдеді. Өткен айда украиналық шоколадты денсаулыққа қауіпті деп тапқан Онищенко «құстарды жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын» ескертті. Оның сөзіне қарағанда, билік кептерлердің «зомби» індетіне қарсы ешқандай шара жасамайды. Ол көгершіндерді жақтырмайтынын да байқатты.
- Кептерлерді бейбітшілік символына айналдырған – суретші Пабло Пикассо. Ал санитарлық тұрғыдан қарасақ, ол - ең бір лас, ақымақ құс, - деді Геннадий Онищенко.
«Ресей кептерлері» клубының президенті Виктор Харлашин да бұл пікірге қосылады. Үйінде «5 мың кептер өсіріп отырғанын» айтқан Харлашин:
- Онищенконың айтқаны - рас. Кептер - шынымен де лас құс, сырқат таратады. 1957 жылдан бері туыс кептерлер өзара шағылысып келеді, сондықтан иммунитеттері қатты әлсіреген. Олар тіпті бұрын кептерлерде болып көрмеген сырқатқа ұшыраулары мүмкін. Олардың бәрін жою керек, - дейді.
Кептерді жақсы көретін қала тұрғындары Харлашиннің ұсынысын өте қатал жаза санауы мүмкін. Өзбекстанда туып-өскен Умид әкесінің кептер асырағанын көрген.
- Құстар - экологияның индикаторы. Егер оларға бірдеңе болса, жергілікті экология адамдарға да әсер етуі мүмкін. Қазір құстардың мұнай мен түрлі сұйықтықтар араласқан жол шетіндегі шалшықтарда жүргенін көремін, - дейді Умид.
Дейзи Синделардың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.