Орталық Азия елдерінен бас сауғалап келгендердің құқықтарын табандылықпен қорғап келген Елена Рябининаның қазасы адам құқықтарын қорғаушыларға ғана емес, бүкіл қоғамға ауыр тиді.
Мамырдың 4-і күні 59 жасында Мәскеуде дүние салған Елена Рябинина туралы Human Rights Watch ұйымы «Адам құқықтарын бұзу әрекеттеріне қарсы тұрып, мигранттар мен саяси баспана сұраушыларды қорғау жолында полициядан бастап ең жоғарғы билік өкілдеріне дейін барлық лауазымды тұлғалармен жанкешті күрес жүргізген адам» деп жазды.
Одессада туып, кейін Мәскеуге қоныс аударған Елена Рябининаны әріптестері Орталық Азиядан қашып келген талай босқынның өмірін сақтап қалған арашашы ретінде таниды. Елена Рябинина Ресейде босқын мәртебесін алу машақатымен жүрген оларға көмек көрсететін арнайы бағдарламалар әзірлеген.
Қашқындарды Ресей жерінде жүрген өз елдерінің құпия қызмет өкілдері ұрлап кеткен жағдайлар көп болған. Экстрадициялау туралы шешімді күтіп Ресей түрмелерінде ұзақ уақыт жатқандары да баршылық. Елена Рябинина сондай жандардың құқықтарын табандылықпен қорғаған.
Қатерлі ісік дертімен ұзақ күресіп, ақыры бақилық болған Елена Рябининаның негізгі мамандығы заңгер емес. Осыдан он шақты жыл бұрын адам құқықтарын қорғау ұйымдарымен бірге жұмыс істей бастаған ол кейіннен саяси баспана алу мәселесінде мықты маманға айналды. Рябинина Ресей соттарында, Еуропаның адам құқықтары сотында талай істерді жеңіп шықты.
Human Rights Watch «Орталық Азиядан бас сауғалап келгендердің арасында оның аты-жөнін, телефон нөмірін білмейтін адам жоқ еді. Оның телефоны тәуліктің 24 сағатында, аптаның барлық жеті күнінде қосылып тұратын. Ол депортацияланғалы жатқан адамға көмектесу үшін таңғы сағат үште полиция бекетіне жүгіріп кете беретін» деп жазды.
Достары мен әріптестері оның мейіріміне тәнті болатын. Fergana ақпарат агенттігі оның Өзбекстан мен Тәжікстаннан келген босқындарды «менің көжектерім» деп ет-жүрегі елжірей жақын тартатын қасиетін еске алды. «Біз сияқты жүздеген «көжектеріңіз» сізді ұмытпайды» деп жазды Fergana агенттігі.
Елена Рябинина Мәскеудегі адам құқықтарын қорғаумен айналысатын бірнеше ұйымда, соның ішінде «Мемориал» адам құқықтарын қорғау орталығында жұмыс істеді. Соңғы кездері ол Адам құқықтары институтында Орталық Азия елдерінен саяси баспана сұрап келгендерге арналған бағдарламаны басқарды.
Өзбекстандағы оқиғалар туралы хабар тарататын Uznews.net ақпарат агенттігі Елена Рябинина туралы «Ол өзінің көмегі қажет болмайынша елеусіз жүре беретін жан еді. Басыңа іс түскенде құтқаруға бірінші жетіп, араша түсетін. Мұндай жандар өмірден тып-тыныш кетеді, олар кеткеннен кейін ғана орнының ойсырап қалғанын сезінесің» деп жазды.
Uznews.net тілшісі Елена Рябининамен өмірден озардан бірнеше күн бұрын ғана кездескен. Агенттік «Денсаулығы туралы соңғы рет сұрағанымызда ол: «Әдеттегідей ғой. Қатерлі ісік. Бұған қарсы келер ештеңе жоқ» деп салқынқандылықпен жауап берді» деп жазды.
Human Rights Watch ұйымы «Елена Рябинина тек қатерлі дерттен ғана жеңілді. Сонда да ол соңына дейін өзінің ержүрек, жанкешті және батыл қалпынан танбады» деп жазды.
(Карл Шректің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей)