Тірілген өсімдік жіңішке сабағының үстінде орналасқан аппақ желектерімен жайқалған табиғи жабайы гүл сияқты әдемі көрінеді. Silene Stenophylla – жер бетіндегі ең ежелгі өсімдіктің біріне айналып отыр. Ресей ғалымдарының бір тобы мәңгілік мұз астында 30 мың жылдан бері құрамындағы ақуызымен сақталып қалған тұқым түрлерін түгелдей тірілте алатын сияқты. Өсімдіктердің тіпті гүл ашып, ұрық шашып, жеміс беретін де шамасы бар.
Бұл жетістік ежелгі өсімдік түрлерін қайта тірілтіп алуға тікелей жол ашпақ.
Тәжірибені жасауға қатысқан ғалымдардың біреуі Светлана Яшина былай дейді:
- Бұл мәңгілік мұз өсімдік ұрығына табиғи криофильді бөлме сияқты әсер етеді дегенді білдіреді. Егер осы бағыттағы зерттеулер көбірек жалғасатын болса, біз болашақта өмір сүруге әлдеқайда бейім материалдарды қолға түсірген болар едік.
30 мың жыл бұрынғы өсімдіктің жапырақ гүлдері мен желектерінің формасы қазіргі туыстастарынан ерекше
Зерттеу тобы Сібірдің алыстағы Якутия аймағандағы мәңгілік мұз қабаттарында қатып қалған тиіндердің ұяларын қазып, зерттеп жүріп жемістер мен өсімдік ұрықтарын тауып алды. Бұл жаңалық – қаржы тапшылығына қарамастан еңбек еткен ғалымдар үшін зор табыс болды.
Өсімдік тұқымдары жердің беткі қабатынан 30 метр төменде, мұз астында Цельсия бағамы бойынша минус жеті градус суықта сақталған.
Мәскеудің қасындағы зертханаларында ғалымдар табылған тұқымдардан өсімдіктер өсіріп шығармақ болып әрекеттенді.
Бұл әрекет сәтсіздікке ұшыраған соң олар өсімдік жемістерінің ішіндегі плацентті тіндерді алып, құмыраға бөлек екті.
Яшинаның айтуынша, өсімдік қазіргі туыстас түрлерінен өзгеше болып өсіп шыққан.
- Біз мына 30 мың жыл бұрынғы өсімдіктің жапырақ гүлдері мен желектерінің формасы жағынан қазіргі туыстастарынан ерекшеленіп тұрғанын көрдік. Осылайша біз осы жердің өзінде-ақ микроэволюцияның даму түрін бақылай аламыз, - дейді ол.
Свтелана Яшина мен оның әріптестері ашқан жаңалықтарының нәтижесін АҚШ-тың «Ұлттық академия ғылымының еңбектері» журналының 21 ақпан күнгі санына жариялады.