Сочидегі олимпиадалық бақта Қазақстан үйі ақпанның 6-сынан бері қонақтарды күтіп жатыр. Бұл үйде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев спортшыларды қабылдаған. Ал қазір Қазақстан үйіне әр елдің жанкүйерлері мен Сочиде жүрген жанкүйерлер келіп жатыр. Қазақстан үйі таңғы сағат 10-нан түнгі 12-ге дейін ашық.
Қазақстан үйіндегілер қонаққа келгендерге дастархан жайып, қазы-қарта, ірімшік, құрт, Алматыдан әкелген алма ұсынады. Шетелдіктерге киізден жасалған ойыншықтар мен кәдесыйлар беріліп жатыр.
Ішкі дизайны киіз үйге ұқсас етіп жасалған бұл аумақта қазақ күйлері мен халық әндері ойнап тұрады. Олимпиада ойындарын тамашалауға арналған теледидар да бар.
Қазақстан үйінің сол қанатында EXPO-2017 көрмесін насихаттауға арналған арнайы бұрыш ашылған. Ал оң қанаты «Алматы-2022» деп аталады. Бұл бұрыш 2022 жылғы қысқы олимпиаданы өткізетін қала ретінде Алматының кандидатурасын қолдауды насихаттайды.
Қазақстан үйі ақпанның 24-іне дейін тұрады. Қазақстандық спортшылар медаль алып жатса, арнайы салтанатты шаралар да осы үйде ұйымдастырылады.
ВИДЕО: Сочидегі Қазақстан үйі