Accessibility links

АҚШ Ресейдегі дипломаттарының қауіпсіздігіне алаңдайды


Санкт-Петербургтегі қонақүйде БҰҰ ұйымдастырған коррупция туралы конференцияда екі АҚШ шенеунігі уланып, бұл оқиға АҚШ мемлекеттік департаментінің алаңдаушылығын тудырды.
Санкт-Петербургтегі қонақүйде БҰҰ ұйымдастырған коррупция туралы конференцияда екі АҚШ шенеунігі уланып, бұл оқиға АҚШ мемлекеттік департаментінің алаңдаушылығын тудырды.

Былтыр Ресейде өткен конференцияға дипломатиялық төлқұжатпен келген екі америкалық шенеуніктің уланып қалғаны анықталды. Олардың біреуі емделуге мәжбүр болған.

Ресми тұлғалардың мәлімдеуінше, бұл - ресейлік биліктің америкалық дипломаттарға қарсы науқанының бір бөлігі. Бұл оқиға 2015 жылы қарашада БҰҰ өткізген жемқорлыққа қарсы конференцияда болған.

АҚШ үкіметі Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы қонақүйде болған бұл оқиғаға алаңдайтынын білдірді. Оқиғадан хабардар АҚШ үкіметіндегі дереккөздің айтуынша, америкалық тарап Мәскеуге наразылық танытқан, бірақ оны жария етіп, шулатпаған.

Алайда маусым айында аккредиттелген АҚШ дипломаты Мәскеудегі АҚШ елшілігі алдында күзетшінің соққысынан құлағанда Вашингтон өз дипломаттарының басында болып жатқан оқиғаларға қатысты көзқарасын өзгертті. АҚШ үкіметі қарашадағы жағдай кездейсоқтық емес деген ойға келіп отыр.

ПЕТЕРБУРГТЕГІ УЛАНУ ОҚИҒАСЫ

АҚШ мемлекеттік департаменті соңғы екі жылда дипломаттары үшін алаңдай бастағанын айтады. Іспен таныс шенеуніктің дерегі бойынша, уланған дипломаттар қарашаның 2-сі және 6-сы күндері аралығында БҰҰ өткізген жемқорлыққа қарсы конференцияға барған.

2014 жылы Ресейдің Қырымды аннексия жасағаны үшін АҚШ, Еуропа Одағы мен олардың одақтастары Ресейге санкция салған еді. Сол оқиғадан соң АҚШ үкіметінің өкілдері Ресейде өткен конференцияға баруға бірінші рет рұқсат алған болатын. Шараға әртүрлі мемлекеттен ондаған өкілдер келген, АҚШ үкіметі мен әділет министрлігінен 21 адам барған еді.

Олардан бөлек, конференцияға америкалық ғалымдар мен қоғамдық ұйым өкілдерінен құралған делегация да қатысқан. Азаттық радиосы конференцияға қатысқан қоғамдық ұйым мүшелерінің біразымен сөйлесті. Олар улану оқиғасы жайлы ештеңе білмейтін болып шықты.

АҚШ мемлекеттік департаментінің қызметкері Азаттыққа америкалық тергеушілердің тұжырымын айтты. Уланған ер және әйел адамға Санкт-Петербургтегі қонақүйдің барында «зорлауға арналған есірткі» саналатын транквилизаторды асқа қосып берген.

Жапа шегушілердің бірін қаладағы Батыс медициналық емханасына апарған. Оның сырқатының себебін анықтау үшін қан мен тін үлгісін алғалы жатқанда электр тоғы кенеттен өшіп қалады.

Жапа шегушілердің бірін қаладағы Батыс медициналық емханасына апарған. Оның сырқатының себебін анықтау үшін қан мен тін үлгісін алғалы жатқанда электр тоғы кенеттен өшіп қалады. Сырқатты шетелге ем қабылдауға алып кетеді, бірақ нақты диагноз қою үшін анализ алуға кеш еді.

Уланған делегаттар АҚШ мемлекеттік департаменті немесе әділет министрлігінің жоғары лауазымды шенеуніктері болмағандықтан, артық шу көтеруді қажет санамаған. Үкімет қызметкерінің айтуынша, АҚШ тарабы наразылық білдірген, бірақ ресейлік билік делегаттардың уланғаны туралы дәлел талап еткен.

Америкалықтар тиісті анализ нәтижесін көрсете алмаған. Тергеушілер америкалық қызметкерлер түскен қонақүйдің жұмыс кестесін сұрағанда менеджерлер ол кезең туралы дерек сақталмағанын айтады. Мұның өзі АҚШ жағының күдігін күшейткен. АҚШ дереккөзінің айтуынша, ресейлік билік айғақ болмаса, тергеушілерге көмектесе алмайтынын айтқан. Ресей елшілігі Азаттық радиосы жіберген сұрауға жауап жазбады.

Шетелдіктердің Ресей барларында уланып қалуы тосын жағдай емес. Оларды көбіне тонау үшін улайды. Мемлекеттік департамент сайтында ресейлік барларда сусынды бақылап отыру керектігі туралы ескерту бар.

Бірақ мұндай жағдайлар адамы көп барлар мен түнгі клубтарда болады, америкалық қызметкерлердің оқиғасы бұл сценарийге сай келмейді. Жапа шеккендер Петербург қонақүйінің ең сапалы барында, әрқайсысы жеке уланған. Тонау болды дегенге еш дәлел жоқ.

АҚШ ДИПЛОМАТТАРЫН АҢДУ ДЕРЕКТЕРІ

Советтік және ресейлік арнайы қызметтердің америкалық дипломаттар мен журналистерді улағаны жайлы түрлі деректер бар. Америкалық мемлекеттік қызметкерлердің Мәскеу мен басқа қалалардағы пәтерлерін бұзып кіру, заттарын лақтыру, газды ашып кету, жанып тұрған шылымды қалдыру сияқты ұсақ-түйек жағдайларды баяндаған.

Бірақ мұндай жағдайлар адамы көп барлар мен түнгі клубтарда болады, америкалық қызметкерлердің оқиғасы бұл сценарийге сай келмейді. Жапа шеккендер Петербург қонақүйінің ең сапалы барында, әрқайсысы жеке уланған. Тонау болды дегенге еш дәлел жоқ.

Бірақ соңғы жылдары мұндай хабарлар жиілеп кетті, Украинадағы шиеленіске дейін, Ресей-АҚШ қатынасы ушықпай тұрғанда да болып жатты. 2013 жылы АҚШ үкіметінің бас инспекторы баяндамасында «Қызметкерлеріміздің Ресей арнайы қызметі тарапынан қысым көруі жиіледі. Қырғиқабақ соғыс кезінен бері мұндай жағдай болмаған еді» деді.

2012 жылдан 2014 жылдың ақпанына дейін Ресейде АҚШ елшісі болған Майкл Макфолдың жеке кездесулерін мемлекеттік арналардың еш ескертусіз түсірген кездері болған. Вашингтон Мәскеуге ресми түрде шағымданып, елшінің қауіпсіздігіне алаңдайтындарын айтқан еді. Макфолдың айтуынша, оның кездесулерін тыңдап, мазмұнын журналистерге жеткізіп отырған.

Осы жылдың басында Мәскеудегі АҚШ елшілігінің өкілі пәтеріне келгенде краннан су ағып тұрғанын баяндады. Дипломаттардың пәтеріндегі еденнен адам нәжісі табылған оқиғалар белгілі. Бұл шағымдардың бәрі оларды біреудің аңдығанын көрсетеді, дене жарақатын алған ешкім жоқ. Дипломаттарды улау оқиғасына қатысты ресми сауалға АҚШ мемлекеттік департаменті жағдайдың 2014 жылдан бері ушыққанын айтады.

Аты-жөнін жасырған АҚШ мемлекеттік департаменті өкілі «Нақты жағдайларды мысалға келтірмей-ақ қояйын, бірақ соңғы екі жылда қызметкерлерімізге нашар қарым-қатынас жасалғаны алаңдатады. Халықаралық құқықпен қорғалатын құқық бұзудың кез келген түрін ең жоғары деңгейде талқылап жатырмыз». - деді.

«БІЗДІҢ ДИПЛОМАТТАР ДА ҚЫСЫМ КӨРЕДІ»

Маусым айында тағы бір оқиға болды: америкалық азамат Мәскеудегі АҚШ елшілігіне кірмек болғанда күзетші оны ұрып құлатқан. Мемлекеттік департамент оның аккредиттелген дипломат екенін, бекітілген талап бойынша күзетшіге куәлігін көрсетпек болғанын айтады.

Бірақ Ресей сыртқы істер министрлігі өкілдері «елшілікті күзеткен ФСБ қызметкері бет-әлпетін жасырған күдікті адамның ғимаратқа кіруіне бөгет болып, өз міндетін атқарды» деді.

НТВ телеарнасынан көрсетілген дипломатқа шабуыл кадры.
НТВ телеарнасынан көрсетілген дипломатқа шабуыл кадры.

Кейін ресейлік тарап жапа шегуші дипломат ретінде әрекет еткен ЦРУ қызметкері деп мәлімдеді. Мұндай әдіс көптеген елдерде, соның ішінде Ресей мен АҚШ-та кең тараған. Даладағы бейне камераға жазылған оқиға ресейлік телеарнадан көрсетілді.

Нәтижесінде Мәскеу де, Вашингтон да бір-біріне егесіп, екі жақ та аккредиттелген бір-бір дипломатты елден шығарды. Мұндай есе қайтару оқиғалары қырғиқабақ соғыс кезінде болған еді.

Америкалық ресми тұлғалар осы оқиғадан соң жол-көлік қызметкерлері америкалық дипломаттарды бірнеше рет тоқтатқанын айтады. Әдетте Мәскеуде дипломатиялық нөмірі бар көліктердің азын-аулақ жол ережесін бұзғанына мән бермейді.

Маусым айында Мәскеу де Ресей дипломаттарының АҚШ-та қысым көріп жүргенін мәлімдеді. Ресей сыртқы істер министрлігі өкілі Мария Захарова Ресейдің қарсы шара қабылдап отырғанын айтып, жағдайдың қиындауы мүмкін екенін ескертті.

Захарова маусымның 28-і күні Мәскеуде өткен брифингте «Біздің дипломаттарды ФСБ мен ЦРУ жиі арандатады, тіпті отбасы мүшелерінің алдында психологиялық қысым жасауға дейін барады. Дипломатияда өзара келісім қағидасы бар. Ресеймен қарым-қатынасын нашарлатқан Вашингтон біздегі дипломаттарының өмірін қиындатады» дейді ол.

Майк Экхельдің мақаласы ағылшын тілінен аударылды.

XS
SM
MD
LG