Украинаның биліктен қуылған президенті Виктор Янукович 11 наурызда Ресейдің Дондағы Ростов қаласында екінші рет баспасөз жиынын өткізді.
Он шақты минутқа ғана созылған жиында Янукович "Киевте билікке заңсыз келгендердің қате іс-әрекеті салдарынан Қырым Украинадан бөлініп барады" деді.
Янукович Украинада "билікті Киевте ғана емес, жер-жерде де басып алған әсіре ұлтшылдар мен фашистердің бандасы әрекет етіп жатқанын" айттты. Ол бұған қоса өзінің Украинаның заңды жолмен сайланған президенті және Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы екенін мәлімдеді.
Янукович ұзамай Киевке міндетті түрде оралатынын, оған "көп уақыт қалмағанын" айтты.
Виктор Янукович Украинадағы президенттік және басқа да сайлауларды заңсыз деп атады. Қысқа ғана сөйлеген Янукович журналистердің сұрақтарына жауап берместен залдан шығып кетті.
Виктор Янукович 28 ақпанда биліктен кетірілгеннен кейін Дондағы Ростовта алғаш рет баспасөз жиынын өткізген еді.
Ресми Мәскеу де Януковичті Украинаның легитимді президенті деп таниды. Бірақ Ресей президенті Владимир Путин 4 наурызда өткен баспасөз жиынында Януковичтің іс жүзінде билігі жоқ екенін және болашақта да билікке ие болу мүмкіндігі жоғын айтқан.
Украина билігі Януковичті "Киевтегі наразылық акциялары кезінде қасақана кісі өлімін ұйымдастырды және елдің конституциялық құрылымын құлатуға шақырды" деп айыптайды.